Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қызу дайындық басталды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қала және аудан әкімдерімен селекторлық кеңес өткізіп, жиын барысында ауыл әкімдерін сайлау мәселесі қарады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттігін мәлімдеген еді. Ал осы жылдың 25 мамырында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы «ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына және «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылды.

Жаңа заңнаманың ережелеріне сәйкес, әкімдікке кандидаттарды ұсыну саяси партиялар арқылы және өзін-өзі ұсыну жолымен жүргізілетін болады. Сондай-ақ, кандидаттыққа қабылдау мерзімі аяқталған күні кемінде 2 кандидатты қала мен аудан әкімдері ұсынатын болады.

Біздің облыста тікелей дауыс беру арқылы сайланатын ауылдық округтердің, ауылдардың, кенттердің әкімдерін сайлау 2021 жылғы 25 шілдеде 55 ауылдық округте, ауылдарда, кенттерде өтеді.

«Осы жылдың екінші жартыжылдығында біздің облыста, жаңа заңнамаға сәйкес, 55 ауылдық округ, ауыл, кент әкімдеріне тікелей сайлау өткізу жоспарланып отыр, 147 сайлау учаскесі іске қосылады», — деп мәлімдеді аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов.

Жергілікті атқарушы органдардың басты міндеті – сайлау комиссияларына сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде көмек көрсету болып табылады. Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы Эльдар Күзенбаев бұл мәселеге кеңінен тоқталды.

–Ағымдағы жылғы 10 қаңтарда өткен сайлау кейбір әкімдіктердің сайлау науқанына дайындық кезінде кандидаттарды тиісті түрде іріктеу, олармен әңгімелесу жүргізілмегенін көрсетті. Өңірлерде мәслихат депутаттарының тізіміне бастапқыда резервте болған адамдар, былайша айтқанда, жоспарланбаған адамдар кірді, бұл сіздерлің нәтижені реттеуге және ықпал етуге қабілетсіздіктеріңіздің дәлелі. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау кезінде қателіктерді ескеріңіздер, ондай фактілер болмауы тиіс. Кандидаттарды іріктеу кезінде олардың E-R-1 санатының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру қажет,-деп атап өтті ол.

Кеңес қорытындысында қала және аудан әкімдеріне сайлау өткізуге көмек көрсетуді, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етуді, сондай-ақ сайлау учаскелерінде санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды.

–Өңір аумағындағы барлық сайлау учаскелерін сайлаушылар үшін қажетті қорғау құралдарымен қамтамасыз ету қажет. Әр сайлаушы үшін жеке қорғаныс құралдарына арналған бір реттік маскалар, қолғаптар, шарлы қаламдар, пакеттер сатып алуды қарастыру міндетті. Сайлау комиссияларының мүшелері медициналық қарсылық білдіргендерді қоспағанда, қысқа мерзімде вакцинациядан өтуі керек,-деді өңір басшысы.