Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 621, 54-81-20, 54-08-30 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Күре жол қалыпқа келтірілуде

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов республикалық маңызы бар «Қарабұтақ – Комсомольский –Денисов – Рудный – Қостанай» автомобиль жолын қалпына келтіру жұмысы барысын тексерді. Аймақ басшысы бұл туралы «Инстаграм» желісіндегі парақшасында жазды.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің мәліметінше, аталған автомобиль жолының ұзындығы – 114 шақырым. Қазіргі уақытта жабынның жоғарғы қабатын төсеу, жолды жиектеу, жолдың құлдилама және жанаспа учаскелерін жөндеу жұмыстар жүргізілуде.

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов осы жұмыстарға жауапты мердігер ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Сондай-ақ, облыс әкімі сапар қорытындысы бойынша жөндеуді белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.