Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жастарға сенім мол

Қостанай облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Архимед Мұхамбетов «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңес Бюросының отырысына қатысты.

Отырыста партияның «Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асырудың жол картасын бекіту туралы сөз болды. Талқылау барысында 2025 жылға дейін Жолдаудың негізгі бағыттарына жастарды тарту жөніндегі аймақтық кеңестің жауапты мүшелері бекітілді.

«Жастар – Отанға!» бағдарламасы Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төр-ағасы Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылғы 21 тамыздағы тапсырмасына сәйкес әзірленген. Бағдарлама жастарды ел дамуының ортақ мақсаты төңірегінде біріктіруге және өзін-өздері дамытулары үшін жан-жақты қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл бағдарлама әртүрлі санаттағы жастардың мүддесін қамтиды.