Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Инвесттициялық жобалар барысын тексерді

Өңір басшысы Қостанай қаласының индустриалдық аймағы аумағында инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын тексерді.

Ол пайдаланудан шыққан ауыл шаруашылығы техникасын қайта кәдеге жарату хабының құрылыс алаңына барды. Жобаның бастамашысы «AutoRecycling» ЖШС. Инвестиция құны 4 млрд-тан теңгеден асады. Зауыт іске қосылса, 95 жұмыс орны пайда болады, объектінің қуаттылығы жылына 5,5 мың ауыл шаруашылығы техникасын қайта өңдеуді құрайды. Жобаны ағымдағы жылдың соңына дейін іске асыру жоспарлануда.

Бұдан соң облыс әкімі «КАМАЗ» компаниясымен бірлесіп 2 ірі жоба жүзеге асырылып жатқан «KamLitKZ» ЖШС құрылыс аумағына барды. Мұнда өндіріс қуаты жылына 40 мың тонна құйма шойын құю зауытын салу және өндіріс қуаты жылына 65 мың бірлік жетекші көпірлердің бас берілістерінің редукторларын өндіру жөніндегі зауыт салынып жатыр. Осы жобалар бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 160 млрд. теңгеден асады, бұл ретте 700-ге жуық жұмыс орны құрылады.

Екі жоба Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны дамыту жөніндегі уағдаластықтар шеңберінде іске асырылуда. Өнімнің негізгі бөлігі экспортқа жіберілетін болады.

Сапар соңында Архимед Мұхамбетов индустриялық аймақтың резиденттерімен және мүдделі ұйымдармен ағымдағы мәселелерді талқылау бойынша кеңес өткізді, сондай-ақ жергілікті билікке барлық жоспарды белгіленген мерзімде аяқтау мақсатында инвесторларға жәрдемдесуді тапсырды.