Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ана тілдің мәртебесі артып келеді

Қала және аудан әкімдерімен өткен селекторлық кеңесте тіл саясаты жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы талқыланды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова баяндады.

Бүгінгі күні елімізде Тіл саясатын іске асырудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның басты бағыты – мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету. Ағымдағы жылы Тілдерді оқыту орталықтарының жұмысын ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен 294,2 млн. теңге бөлінген. Мемлекеттік органдарда қазақ тіліндегі құжатайналым бүгінгі күні 100%-ға жуық.

Бүгінгі күні облыста ересек азаматтарды тілдерге оқытатын 20 орталық жұмыс істейді. Барлық орталық замануи техникалық құралдармен жабдықталған. Орталықтарда 101 оқытушы мен әдіскер жұмыс істейді. Мемлекеттік тілді оқыту Ұлттық стандартқа сәйкес 5 деңгейлік «Қазтест» бағдарламасы бойынша жүргізілуде. Жыл сайын тіл үйренушілер саны артып келеді. 2019 жылы тілдерді оқыту орталықтарында 6 221 тыңдаушы оқыса, 2021 жылы 8 921 тыңдаушы мемлекеттік, ағылшын және басқа да этнос тілдерін оқып келеді. Соның ішінде 6 760 тыңдаушы, немесе 76%, мемлекеттік тілді оқып үйренуде.

Сонымен қатар, тілдерді оқыту курстары ірі кәсіпорындарында да ұйымдастырылуда. Еліміздегі автоқұрастыру саласында көшбасшысы болып келетін «СарыарқаАвтопром» акционерлік қоғамының басшылығы мемлекеттік тілге ерекше назар бөліп, әкімшілік – шаруашылық персоналының қызметкерлерін қысқа мерзімдік бағдарламасымен оқытуда.

Облыс бойынша қазақ тілінің дұрыс қолданылуына апта сайын мониторинг жүргізіп келеді. Бұл жұмысқа үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, жастар өкілдері тартылып, 800-ден астам шағын және орта бизнес нысандары қамтылды.

Жалпы алғанда облысымызда тіл саясатын іске асыру жүйелі түрде жүргізілуде.

–Қостанай облысында бұл жұмыс жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді.  Ағымдағы жылы Тілдерді оқыту орталықтарының жұмысын ұйымдастыру үшін (еңбекақы қоры, басқа төлемдер, кабинеттерді жалға алу, коммуналдық төлемдер, байланыс, интернет қызметтері, кеңсе тауарлары және т.б.) жергілікті бюджеттен 294,2 млн. теңге бөлінді. Соның ішінде облыстық «Тілдарын» орталығына – 34,8 млн. теңге, аудандар мен қалалар тілдерді оқыту орталықтарына 259,4 млн теңге,- дейді Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова.

            Этностар тілдеріне келетін болсақ, облысымызда ұйымдастырылған 17 этномәдени орталығы жұмыс істейді. Солардың татар-башқұрт, кәріс, армян, түрік, поляк, неміс орталықтарында 7 этнос тілдерін 181 тыңдаушы оқып үйренуде. (2019 ж. — 134 адам)

Тілдерді оқыту курстары 2017 жылдан бастап аудан орталықтарынан тыс 69 ауылдық округінде (барлығы 130 а/о, 53%) ұйымдастырылған.

Еліміздегі карантиндік жағдайды ескере отырып 2020 жылдан бері тілдерді оқыту орталықтары азаматтарды қашықтан оқыту жұмысына кірісті. Онлайн сабақ ZООМ платформасы арқылы жүргізіледі, сондай-ақ, тіл үйренушілерге арналған бейнесабақтар Skype, Instagram, Facebook, VKontakte әлеуметтік желілерде жарияланып тұрады      (барлығы – 240).

Тіл үйренушілердің алған білімдерін қайталау және бекіту мақсатында «Тілдарын» орталығы YouTube арнасын іске қосты, тақырыптық бейнесабақтар барлық тыңдаушыларға қолжетімді.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында көпшіліктің сұранысы бойынша өңірдегі қызмет көрсету саласы жұмысшыларына (халыққа қызмет көрсету орталығында, банкте, дәріханада, такси диспетчерлеріне, пошта, шаштараз, сауда орталықтарының қызметкерлері және тағы басқаларда) 48-сағаттық қысқа мерзімді курсы ұйымдастырылды. Курстың негізі жиі қолданылатын салалық терминдерге үйретуден тұрады.

Бұл жұмыс негізгі оқу курсымен қатар жалғасуда. Қысқа мерзімдік курсқа халыққа қызмет көрсету саласының 593 өкілі қатысып, қазақ тілін үйренуде.

Басқарма басшысының айтуынша, ең көп курсқа қатысқан тыңдаушылар Қостанай, Рудный қалаларымен Жітіқара, Федоров, Қостанай аудандарында. Алтынсарин, Қамысты аудандары мен Лисаков қаласында бұл жұмыс өткізілген жоқ.

Сонымен қатар, тілдерді оқыту курстары ірі кәсіпорындарында да ұйымдастырылуда. Еліміздегі автопром көшбасшысы болып келетін  «Сарыарқа Автопром» акционерлік қоғамының басшылығы  мемлекеттік тілге ерекше назар бөліп, әкімшілік – шаруашылық персоналының қызметкерлерін қысқа мерзімдік бағдарламасымен оқытуда. Сондай-ақ, өз бастамасымен Қостанай автомобиль колледжінде қазақ тілінде білім беретін тобы ашуда.

–Тіл мамандары қазақ тілін оқытудың жаңа форматтарын енгізу жолдарын іздестіреді. Соның бірі, қазақ тілін грамматикасыз, жеңіл әрі оңай жолмен яғни ауызекі сөйлеуді үйрететін «Сөйле тайм» клубы. Клубтар Қостанай, Рудный, Қарабалық, Меңдіқарада ашылып, 220-ға жуық адам тұрақты мүше болып тіркелді. Кездесулер FACEBOOK, INSTAGRAM әлеуметтік желілерінде, WhatsApp мессенджерінде және  YouTube арнасында тікелей эфир арқылы көрсетіліп тұрады. Аталған жоба Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитетімен өзекті және табысты деп танылып республика бойынша таратуға ұсынылды,-дейді Гүлжан Мендекинова.

Мемлекеттік тілдің коммуникативтік функциясын нығайту мақсатында басқарма «Тілді үйрену оңай!» акцияларын ұйымдастырып, әлеуметтік желіде танымал тұлғалдардың, мемлекеттік тілді еркін меңгерген өзге ұлт жастарының үндеулерін шығарып тұрады.

Мемлекеттік тілді оқыту процессінде өңірлердің оң тәжірибелері бар. Мысалы, Рудный қаласында «Модульдік оқыту технологиясы» әдістемесі, авторлық бағдарламалары пайдаланады, ал Қарабалық ауданы шекаралас Челябі облысындағы қандастарымызбен онлайн режимінде тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізіп келеді. Сонымен қатар, қоғам белсенділерінің қатысуымен «Тіл және қоғам» ұйымын құру қолға алынуда.

Жыл сайын мемлекеттік тілді үйренушілерді қолдау және моральдық көтермелеу мақсатында қазақ тілін жақсы игеріп жүрген басқа ұлт тыңдаушылары алғыс хаттармен марапатталады, әр түрлі іс шараларға қатыстырылады. Сонымен қатар, Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі қарсанында тіл саясатын іске асыруға белсенді қатысып жүрген азаматтарға «Тіл қазына» премиясы табысталады.

Кеңес қорытындысы бойынша өңір басшысы Архимед Мұхамбетов қала және аудан әкімдеріне тіл саясаты саласындағы жұмысты жандандыруды, сондай-ақ бөлінетін бюджет қаржысын ұлғайтуды тапсырды.