Қостанай облысы әкімдігінде 2021 жылы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының екінші бағытын іске асыру мәселесі қарастырылды. Мәжіліске басқарма басшылары мен қала және аудан әкімдері қатысты.
Халықтың табысын арттыру, азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту мақсатында мемлекет микронесиелер, кепілдіктер, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар беру жұмысы жүйелі жүргізілуде. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту арқылы азаматтарды қолдау шаралары қарастырылған.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағытын іске асыруға ағымдағы жылы облысқа 1 705,6 млн. теңге бөлінді.
Өткен кезеңде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие алушылар 350 жұмыс орнын ашты.
Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 156 жұмыс орнын құрумен «Бастау Бизнес» жобасының 120 түлегіне шағын несие беру жоспарлануда. Бұл мақсатқа 1 млрд. теңге қарастырылған.
Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өңірлерге «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға контингентті сапалы іріктеуді жүргізуді және Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде микрокредит беруге арналған қаражатты 100% игеруді қамтамасыз етуді, сондай-ақ жобаларды іске асырудың критерийлері мен шарттарын ауылдық округтердің тұрғындарына түсіндіруді тапсырды.