Өңдеу өнеркәсібі – экономиканың жүрегі десек, «Даму» қоры жүзеге асыратын «Даму-Өндіріс» бағдарламасы – оның тірегі. Ел экономикасының локомотиві саналатын осы саланы дамытуды көздейтін бұл бағдарлама шарттары туралы мәлімет бергіміз келеді.
Сонымен, бағдарламаның негізгі талаптары мынадай: Бағдарлама аясында кім қолдау ала алады: Жобасын өңдеу өнеркәсібі саласында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері (ШОКС). Жоба «Басымдық берілген салалар» тізіміне сәйкес келуі керек. Бір кәсіпкердің қолына тиетін максимал сома: 1 млрд 850 млн теңге
Мақсаты: Негізгі құралдарды сатып алу; айналым қаражатын толықтыру; қайта қаржыландыру. Мерзімі: 10 жылға дейін. Сыйақы мөлшерлемесі: 6%-дан аспайды Бағдарлама аясында қолдау алу үшін екінші деңгейлі банкке бару керек. ⠀
Толық ақпарат алу үшін және осы бағдарлама аясындағы «басымдық берілген салалар» тізімі мен әріптес банктерді білу үшін https://damu.kz/programmi/loans/MSB3/ сілтемесі арқылы өтіп, танысуға немесе өз өңіріңіздегі Қор филиалына барып, ақпар алуға болады. Филиалдар мекенжайы да сайтта бар. Біздің қолдауымыз – Сіздің дамуыңыз!