Өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтің төрағалық етуімен «Қостанай облысының білім беру жүйесін жаңғырту – тұрақты даму кепілі» Қостанай облысы білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз кеңесін өтті.
Тамыз кеңесінің жұмысына бейнеконференция режимінде Қостанай облысының қалалары мен аудандарының әкімдері және әкімнің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары, қалалар мен аудандар әкімдіктері білім бөлімдерінің басшылары, облыстық білім беру ұйымдарының директорлары, педагогикалық қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.
Кеңес барысында 5 педагог төсбелгімен марапатталды және облыстың мектептері мен колледждері арасындағы «Үздік білім беру ұйымы» облыстық конкурсының жеңімпаздарына 34 миллион теңгеден 2 сертификат беріледі.
Жиын барысында облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова баяндап жасап, өңірдегі білім саласындағы жетістіктерді атап өтті.
– Еліміз Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде білім беру саласының ең басты міндеті – бәсекеге қабілетті, еңбексүйгіш өскелең ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Биыл 180 жылдық мерейтойы атап өтіліп жатқан ұлы жерлесіміз, ағартушы Ы. Алтынсариннің де педагогикалық принциптері қажырлы еңбек пен үнемі өзін-өзі дамыту негізінде құрылған. Оның мұрасын жалғастырушылар ретінде жаһандық білім берудегі озық инновациялар мен өзгерістер тоғысында болу біздер үшін өте маңызды. Осы тұрғыдан біз өткен оқу жылына қорытынды жасап, алдағы оқу жылына мақсат пен міндеттерді айқындаймыз,-деді З.Байменова.
2020-2021 оқу жылында білім беру жүйесінде бірқатар өзгерістер болды. Біріншіден, бұл басқарудың жаңа вертикалына көшуі, яғни облыстың барлық білім беру ұйымдары тікелей білім басқармасының қарамағына өтті. Бүгінгі күні білім беру ұйымдарының желісі 802 бірлікті, оның ішінде 710 мемлекеттік білім беру ұйымдарын құрайды.
–Білім беру саласының бюджеті облыс бюджетінің жалпы көлемінің 34% тұрады және 129 млрд.теңгені құрайды. Осы жылдың өзінде, өңірлердің қажеттіліктеріне қарай, білім беру объектілерін күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына, материалдық-техникалық базаны нығайтуға 8,3 млрд. теңге жұмсалады. Өткен оқу жылы эпидемиологиялық жағдай көп қиындықтар туындатты. Сондықтан, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, оқытуды лайықты деңгейде ұйымдастырған директорлар корпусы мен педагогтерге және түсіністікпен қараған ата-аналарға алғысымды білдіремін,-деді облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова.
Сонымен бірге, бүгінгі күні цифрландырудың рөлі заман талабы. Облыстың барлық мектептері «Күнделік» электронды журналдар мен күнделіктер жүйесінде, BilimLand білім беру платформасымен белсенді жұмыс істелуде. Оқу жылының қорытындысы бойынша Қостанай облысы «Күнделік» жүйесінде I орында және Алтын медальмен марапатталды.
Мемлекеттің тұрақты даму шарттарының бірі – бұл ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға барынша назар аудару. Ағымдағы жылы түзету кабинеттерінің желісі 12-ден 14-ке өсті, әкімдік пен «Дара», «Болашақ» қоғамдық қорларының қолдауы арқасында Рудный қаласы мен Қарасу ауданында 2 инклюзивті қолдау кабинеті, Арқалық және Қостанай қалаларында мектептер жанынан 2 ресурстық орталық ашылды.
–Дұрысында, осындай кабинеттер мен ресурстық орталықтар әрбір үлкен мектептерде жұмыс жасауы керек, сол кезде ғана белгілі бір қажеттіліктері бар бала қоғам мен құрдастарының арасында бола алады. Сондықтан келесі жылдың міндеттерінің бірі – инклюзияны қолдау кабинеттері желісін ұлғайту, оларды білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Бұл мәселе бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саиннің жеке бақылауында тұр, келесі жылы ерекше балалар үшін түзету көмектерін көрсетуге арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру жоспарлануда. Бұл үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлінеді деген сенімдемін,-деп атап өтті Зәуре Байменова.
Өткен оқу жылы эпидемиологиялық жағдай көп қиындықтар туындатты. Сондықтан, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, оқытуды лайықты деңгейде ұйымдастырған директорлар корпусы мен педагогтерге және түсіністікпен қараған ата-аналарға алғысымды білдіремін.
Сонымен бірге, бүгінгі күні цифрландырудың рөлі заман талабы. Облыстың барлық мектептері «Күнделік» электронды журналдар мен күнделіктер жүйесінде, BilimLand білім беру платформасымен белсенді жұмыс істелуде. Оқу жылының қорытындысы бойынша Қостанай облысы «Күнделік» жүйесінде I орында және Алтын медальмен марапатталды.
Мемлекеттік тілде білім беретін мектептер желісін дамыту мәселесі өте маңызды болып қалуда, себебі мектептердің жалпы санының небәрі төрттен бір бөлігі ғана мемлекеттік тілде оқытады. Оқушылардың үштен бір бөлігі ғана мемлекеттік тілде білім алады. Аталған мәселеге байланысты жол картасы әзірленді, осы картаға сәйкес жаңа оқу жылында қазақ тілінде білім алатын тәрбиеленушілер мен оқушылар саны ұлғайтылады. Сондай-ақ, жаңа оқу жылында Б.Майлин ауданы Тобыл кентінде 130 орындық мемлекеттік тілде оқытатын мектеп ашылады. Қарасу ауданында 320 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталды.
– Осы кеңесті пайдалана отырып қала және аудан әкімдеріне мемлекеттік тілді дамыту мәселесін шешуге қолдау көрсетулеріңізді сұраймын,-деді өңір басшысы А.Мұхамбетов.
Жиын барысында Қазақ агротехникалық колледжі мен Қостанай ауданының білім бөлімінің Мичурин жалпы білім беретін мектебіне 34 млн теңге сертификаты берілді. Бұл қаражат білім ордаларының қажетіне жұмсалады.
Жалғасы 9-бетте.