Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 (OLD) kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жөдеу жұмыстары жүргізілді

Биыл Арқалық қаласының Дачный кентінде су құбыры желілері қайта жаңартылып, көшелерге асфальт салынды.

Негізінен, бұл кентте құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру үшін 2019 жылы  «Астанаинжкомстрой» ЖШС-мен 396,179 млн теңге сомасына келісім-шарт жасалған болатын. Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, ұзындығы 4 405 метр болатын негізгі су құбыры желісін төсеу, ұзындығы 1500 метр абоненттік желі төсеу, 225 тұрғынға абоненттік жеткізу, 118 құдық орнату, ұзындығы 4000 м бардюр тастарын орнату, 1500 метрлік тротуар орнату, ені 7 м, ұзындығы 16,9 мың метр асфальт жабынын орнату жоспарланды.

Аталған жұмыс жобасын іске асыру барысында Волков көшесі бойынша Қайырбеков көшесінен Садықов көшесіне дейін су құбыры желілері бұрын ауыстырылғанын ескере отырып, негізгі су құбыры желісінің ұзындығы 4 405 метрден 4 035 метрге өзгертілді, ол қазіргі уақытта 100% төселді. Құдықтан үй қоршауына дейінгі абоненттік желі барлық жобаланған абоненттерге жеткізілді. Барлық құдықтар орнатылған, жинақталған және гидрооқшауланған. Бордюр тастарын орнату асфальт жабу жұмыстарында қайта қарастырылды. 500 метрлік тротуарлар орнатылып, асфальт төселді. Үнемдеуді ескере отырып, жол төсемінің ені 7 метрден 6 метрге дейін өзгертілді.

Осылайша, бұл шешім Дачный кентінін барлық көшелерін асфальттауға мүмкіндік берді, яғни асфальт төсеу 23,2 мың метрге артты.