Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Елбасы медалімен марапатталды

Қостанай облысында 17 оқушы Елбасы медалімен марапатталды. Ел көлемінде жүзеге асырылып жатқан айтулы жобаға бүгінде спорт, дағды мен дарын, кітап оқу, ұлттық мұра, туристік саяхаттар және еңбек тәжірибесі бағыттары бойынша 14 пен 29 жас аралығындағы 8600 талапкер қатысып жатыр.

Жоғарыда аталған жеті бағыт бойынша елеулі жетістікке жеткен 17 дарынды оқушыға Елбасы медалін облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова табыс етті. Дарынды шәкірттерді марапаттау рәсімі 29-наурыз күні «Озат» ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінде өтті.

«Облыста барлық оқушылар үшін тең бастама мүмкіндіктерді құру міндеті шешілуде.   «Елбасы Медалі» біздің жастарымыз үшін табыс пен өзін-өзі іске асыру жолындағы маңызды қадам болмақ», — деді марапат иелерінің білім мен ғылым жолындағы ізденістеріне сәттілік тілеген басқарма басшысы.

Салтанатты жиында оқушылармен қатар,«Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының» директоры Елена Петренко, Қостанай қаласы балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық мектебі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Наталья Зубко, Қостанай ауданы Балалар шығармашылық үйінің қосымша білім беру педагогы Ләйла Оспанова сынды ұстаздар қосымша білім беру саласындағы ерекше қызметі үшін марапатталды.