Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Цифирландыру шығынды азайтады

Былтыр Қостанай облысы 1 млн тонна ұн, 77 мың тонна сүт өндіріп, республикада ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және экспорттау көрсеткіші бойынша көш бастаған еді. Астықты аймақ бір жыл ішінде Қытай мен Ресейге, сондай-ақ Тәжікстан, Ауғанстан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттеріне жалпы көлемі 1 млн тонна дәнді дақыл, 800 мың тонна ұн, 10 мың тонна өсімдік майын, 8 мың тоннаға жуық сүт өнімдері мен 168 мың тонна ет экспорттады.

Тобыл өңіріндегі тоғыз ауданға қарасты 60 шақты елді мекендегі қайнаған тіршілік пен жылдан жылға өркендеп келе жатқан ауыл тұрмысы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен тығыз байланысты.

– Былтыр механизаторлардың жалақысы 30%-ға өсті. Майлы дақылдардың мөлшерін көбейттік. Алқаптағы майлы дақыл көлемі 20%-ға жетті. Алдағы 5 жыл ішінде майлы және дәнді-бұршақты дақылдың үлесін 60%-ға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Басты міндет – табыс мөлшерін көбейтіп, компанияның қуатын арттыру. Біздің басты ұстанымдарымыздың бірі – жерге қаржажатты аямау керек. Жерге құйған ақшаның қайтарымы бар. Жер алдамайды, ешқашан қарыз болып қалмайды. Керісінше, аялап, күткен сайын, қаржыңды еселеп қайтарып беріп отырады. Қазір біздің шаруашылықтарымызда мал басы да көбейіп жатыр. Бүгінде ет бағытын дағы мал саны 3 мыңға таяп қалды. Мұның сыртында, сүт бағытындағы ірі қараның сапасын арттырып жатырмыз. Бұған дейін сүт өндіру кешеніндегі бір сауын сиыр жылына 5,7 тонна сүт беретін. Қазір агрохолдингке қарасты «Олжа-Садчиковтағы» немістің голштино-фриз тұқымды сиырының әрқайсы жылына 6,7 тонна сүт береді. Мұны жыл аяғына дейін 7,2 тоннаға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Тәулігіне 25 тонна сүт аламыз. Ал осы сүттен 20-дан астам өнім шығарамыз, – деді «ОлжаАгро» компаниясының басшысы Айдарбек Қожаназаров.