Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Атқарылған іс аз емес

Жангелдин ауданының әкімі Шота Оспанов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді. Брифинг аясында ауданның әлеуметтік -экнонмикалық дамуының 10 айдағы қорытындысын жариялады.

Қазір ауданда 11 747 адам тұрады. Солардың ішінде экономикалық белсенді халық саны 6 мыңнан асады. Шалғай аудандағы өзектілігін жоймаған мәселе – халықты жұмыспен қамту жылма-жыл оңды шешімін тауып келеді. Қазіргі таңда ауданда 511 бизнес субъекті бар. Олар ұзын саны 756 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл аудан халқының экономикалық белсенді үлесінің 11,6%-на тең.

Аудан әкімі есепті кезеңде 1 млрд 645 млн теңге инвестиция тартылғанын айтты. Бұл соманың 25%-ы шаруашылықтар мен азаматтардың үлесіне келеді. Жалпы сомасы 237 млн теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілген. Тұрғындардың өз қаражаты есебінен 956 шаршы метр тұрғын ұй пайдалануға берілді. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен 29 адам қоныс аударып, оларға тиісті жәрдем жасалған.

— Биылғы жыл Тәуелсіздігімізді алып, Егемен ел атанғанымызға 30 жылдық мерей тойымен ерекшеленеді. Тарихи тұрғыдан бағамдасақ, отыз жыл – аса көп уақыт емес. Десе де, Қазақстан аз уақыт ішінде әлемдік алпауыттармен терезесін теңестіріп, жаһан жұртына қарышты қадамдарымен танылып үлгерді. Отыз жыл ішінде ел өзгерді, халықтың тұрмысы жақсарды. Болашақта еліміздің өркендеп дамуына, ары қарай жылжуымыз үшін білімді, белсенді қоғам қажет. Бәрімізге де бірлесе жүріп шешер істер алдағы уақытта да азаймақ емес, себеп жақсы тірлік жасау үшін тынымсыз еңбек жасауымыз керектігі айдан анық. Еліміздің келешегі үшін, халқымыз үшін адал қызмет жасау басты міндетіміз, – дейді аудан әкімі Шота Оспанов.

Жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемия еліміздің экономикалық дамуына кері әсерін тигізбес үшін Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтын 1 қыркүйектегі жолдауында айтылғандай қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу.

Жыл ішінде аудан бойынша 237 млн теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 111 пайызды құраса, бөлшек сауда айналымы 252 млн теңгеге жетті. Жеке тұрғындардың өз қаражаттары есебінен, жалпы алаңы 956 шаршы метр тұрғын үй-жайлар, пайдалануға берілді, немесе 10 пайызға өсіп отыр.

Аудан экономикасында шағын және орта бизнестің үлесі жыл сайын артуда. Қазіргі уақытта 511 бизнес субъектілерінде 756 адам жұмыспен қамтылған. Бұл экономикалық белсенді халық санының 11,6 пайызы.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында кәсіптік оқумен қамтамасыз ету мақсатында 2 млн 234 мың теңге игеріліп 8 адам тапшы мамандықтар бойынша оқытылды.

Бағдарламаның 2-ші бағыты шеңберінде бастау-бизнес жобасы бойынша кәсіпкерлік палатасы арқылы 40 адам оқытылды. Жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 40 тұлғаға 200 айлық есептік көрсеткіш сомасында 23 млн 336 мың теңге қайтарымсыз қаражат берілді.

Есепті кезеңде жоспарланған әлеуметтік жұмыс орындарына 31 адам тартылды. Бұл бағытта 7 млн 590 мың теңге игерілді. Мекемелерге жастар практикасын өтуге 24 жас маман жіберілді. Жастар практикасының аяқтаған жас мамандардың 7 тұрақты жұмысқа тұрғызылып, 6 млн теңге қаржы жұмсалды. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 281 жұмыссыз азамат тартылып 41 млн теңге игерілді. Жалпы аудан бойынша 505 адам жұмыспен қамтудын белсенді іс-шараларына тартылып, жұмысқа орналастыру деңгейі 100 пайызға жетті. Осылайша, отбасының кедейшілік шегінен шығуға, бұрынғыдай тек атаулы көмекке сеніп бейжайлық тұрмыстан арылуға әлеуетті ынталандыру жұмысы жалғасын табуда. Осы мерзімге кедейшілік деңгейінен төмен тұрған мұқтаж 85 отбасы және 485 отбасы мүшелеріне 21 млн теңге мемлекеттік атаулы көмек тағайындалды. Өткен мерзіммен салыстырмалы түрде айтсақ кедейшілік шегінен төмен тұрған мұқтаж азаматтар саны 1,9 есеге кеміп, кедейшілік деңгейі 4,6 пайызға дейін төмендеді. Аталмыш шаралар әлеуметтік көмек алушылардың әлеуметтік жауапкершілігін күшейтуге, олардын жұмыс іздеуге және өзін-өзі қамтамасыз етуге ынтасын арттыруға, сонымен бірге тұрмысы төмен отбасылардың ел экономикасы мен қоғам өміріне қатысу деңгейін жоғарлатуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Еңбек ресурсының ұтқырлығын арттыру бойынша өңірлік ерікті түрде қоныс аударуға байланысты ауданға оңтүстік өңірлерден 29 адам 5 отбасы қоныс аударды. Оларға 2 млн 574 мың теңге қоныс аудару субсидиясы, коммуналдық шығындары өтелді.

Аудан экономикасының негізгі саласы, стратегиялық маңызды бағыты – ауылшаруашылық өндірісінде 2021 жылдың 10 айында 16 млрд. 261 млн теңгенің өнімі өндірілді.

2021 жылы барлығы – 27 851 га жерге егін себілді. Оның ішінде 23 851 гектар бидай, 1000 гектар арпа, 3000 га майлы дақыл (сафлор) себілді. Ауа райының қолайсыздығынан өткен жылдармен салыстырғанда түсім әлде қайда төмен болды. Дегенмен орташа түсімі 3 центнерден 7200 тонна бидай, 200 тонна арпа, түсімі 5 центнерден 1500 тонна майлы дақылдар жиналды.

Күзгі егін ору жұмыстарына 430 тонна, арзандатылған жанар май бөлінді. (бағасы 183 теңге)

Ал ауданның ауылшаруашылық саласының мол үлесін алатын мал шаруашылығын дамытуға жыл сайын аудан шаруалары жақсы бетбұрыс жасап, мал басын ұлғайтып қана қоймай, оның сапалық көрсеткішіне де ден қойуда. Мал шаруашылығы саласында 11 млрд млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлемі 105,7 пайызға жетті. Есепті мерзімге шаруашылықтардың барлық түрлерінде 40,6 мың бас ірі қара, 92 мың бас қой-ешкі, 12 мың бас жылқы өсірілуде. Өткен кезеңмен салыстырғанда ірі қара саны 3256 басқа (8,7 пайыз), қой-ешкі 2000 басқа (1,5 пайыз), жылқы 1451 басқа (13,2 пайыз) ұлғайды.

Оның өсуіне «Сыбаға», «Еңбек», «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларының оң септігі тиюде. Яғни «Шағын несие беруді көбейту» бастамасы ел ішінен қолдау тауып, нәтиже беретіні анық болды. Мемлекет басшысы бұл шара, әсіресе ауыл-аймақтар үшін, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін маңызды екенін атап өткен болатын. Өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру неғұрлым тиімді тетік болып табылады.

«Сыбаға» бағдарламасы арқы­лы «Қайнар» шаруа қожалығы несиеге қол жеткізіп 45 бас «Герефорд» тұқымды ірі қара малын сатып алып өсіруде. «Нұржан» шаруа қожалығы 100 бас ІҚМ мал сатып алуға «АгроГенетикс» ЖШС-мен келісім шарт жасасты. «Үш жүз» шаруа қожалығы 357 бас ұсақ мал сатып алып отыр.

«Еңбек» бағдарламасы бойынша жыл ішінде 11 өтініш білдіруші 41 млн теңге несиеге қол жеткізіп отыр. Оған 40 бас жылқы, 52 бас ірі қара малы сатып алынды.

Тұқымдық түрлендіру бойынша ірі қара малдың 19 715 аналық бастың 13 821 басы тұқымдық түрлендіруге қатысуда. Қатысу үлесі 70 пайызды құрап, жұмыстар жалғасуда.

Барлық қажетті 530 бұқаның 249 басы Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданының «Жаке» шаруа қожалығынан әкелінді. 109 басы шаруа қожалықтарының өз қаражаттарына сатылып алынды. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, өндірілген өнім көлемін арттыру үшін 37 шаруа қожалығына мемлекет тарапынан 117 млн.теңге субсидия төленді.

Өсірілген малды шаруашылық­тар облыс аумағында орналасқан 1-ші деңгейлі мал бордақылау аландарына тапсыру жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады. 10 айдың қортындысымен 908 бас ірі қара тапсырылып отыр, бұл бағыттағы жұмыстар әлі жалғасын табуда.

Қазіргі таңда 115,0 мың.тонна мал азығы дайындалды. Жалпы шабылған жер көлемі 163,8 мың.га.

Сонымен қатар шаруашылық ашамын деген азаматтарға жыл сайын конкурс арқылы жер қорынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері беріліп келеді.

2021 жылы 193 шаруа қожалығы және 3 ЖШС-гі жұмыс жасап, барлығы 739 мың 256 гектар жер пайдалануда.

Жер телімдерін беру үшін жыл ішінде 2 конкурс өткізіліп, 25 азаматқа шаруашылықтарын жүргізу үшін барлығы 134,5 мың га. жер берілді.

Желтоқсан айында қосымша 24 жер учаскесі жалпы көлемі 54 400 гектар ауылшаруашылығы мақсатындағы жер конкурсқа шығарылатын болады.

2021 жылы ауданда «Жұмыспен қамтудын жол картасы», «Ауыл Ел бесігі» бағдарламалары аясында бірнеше нысанда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Осы жобаларға тоқталып өтсем.

Аққөл, Ахмет Байтұрсынұлы, ауылдарын сумен жабдықтау жүйесіне қайта жаңғырту жүргізілді. Жобалар құны 625 млн теңгені құрады.

«Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде Қалам–Қарасу және Сарысу ауылдарың ауыз сумен қамтуға бағытталған құрылыс жұмыстары басталып, осы жылы желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда, оған барлығы 193 млн теңге жұмсалды. Сонымен қатар шілде айында Бидайық, Шилі, Милісай, Шұбалан ауылдарына блокті-модульдық су тарату пункті орнатылды. Бігінгі күні халық санының 85 пайызы орталықтандырылған су жүйесімен қамтылып отыр. Келер жылы қосымша 4 елді мекенге су тарату пунктілері орнатылатын болады.

Торгай ауылында 541 млн теңгеге дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 13 млн теңгеге копфункционалды хоккей корты, Қызбел ауылында демеушілер есебінен 8 млн теңге тартылып, волейбол, футбол аланы бой көтерді, ауыл орталығында саябақ жасалып, тротуарлар төселді.

Ақкөл-Ахмет Байтұрсынұлы ауылдары тұрғындарының көп жылдан бергі басты мәселесі проблемасы саналатын, екі ауылдың арасындағы Ұлыжыланшық өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысына 404 млн теңге қаражат бөлініп, ағымдағы жылдың шілде айында халыққа пайдалануға берілді.

Ауданның инфрақұрылымын жаңартуға да жыл сайын мән беріліп келеді. Оған дәлел ретінде есепті уақытта «Шұбалаң-Көкалат» аудандық маңызы бар автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстарын кезен-кезенмен жүргізу үшін «Алюминстрой» ЖШС 1 млрд. 815 млн теңгеге шарт жасалынған. 2019 жылдан басталған жоба 2022 жылы толық аяқталатын болады. Барлығы 39 шақырым жөндеуден өтеді. Торғай ауылының Алтынсарин, Қожмұхамбетов көшелеріне 102 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Есепті мерзімде барлық құрылыс жұмыстарына 1 млрд. 158 млн теңгеден астам қаржы тартылды.

Мемлекет басшысы өз жолдауында «Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыру қажеттігін атап өтті. Ауданымызда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2021 жылы 7 маман тұрғын үймен қамтылып 19 млн қаржы жұмсалды, 26 маманға 7,5 млн теңге көтерме жәрдем ақы төленді. Бұл жобада аудан халқының тұрақтануына және ауылдық жерлерге сырттан жас мамандарды тартып қоныстануына өз септігін тигізетіні сөзсіз.

Ауданда 22 мектеп, өнер мектебі, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, денешынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс жасайды. Оқушы саны 2360 бала. Есепті мерзімге 3 балабақшада 180 бала, 41 шағын орталық топтарында 537 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылу үлесі 86,2 пайызға жетті.

Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, ғимараттарды жөндеуден өткізуге бағытталған қаржы көлемі жылма- жыл артып келеді. Облыстық бюджеттен бөлінген 17 млн 500 мың теңгеге Міржақып Дулатов орта мектебінің спорт залын, мектептің ішкі қабырғаларын және музей кабинетіне, Жармағанбетов орта мектебі спортзалының төбесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Албарбөгет орта мектебінің төбесіне 8 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары, интернат ғимаратына 9 млн 700 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жармағанбетов орта мектебіне және Сарысу негізгі мектебіне жалпы соммасы 26 млн теңгеге блокты-модульді қазандықтар орнатылды.

Шоқан Уалиханов атындағы Торғай орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы соммасы 324 млн 702 мың теңге бөлінді. Қазіргі жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Желтоқсан айында толығымен аяқтау күтілуде.

— Денсаулық сақтау саласында аудан халқына 1 аурухана, 2 ФАП және 17 медициналық пункттері қызмет көрсетеді. Медициналық мекемелерде 11 дәрігер, 115 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс атқаруда. 9 дәрігер және 29 орта буын медицина қызметкерлері жоғары және бірінші санаттағы мамандар. Бірақ, хирург, терапевт, акушер-гинеколог, реаниматолог дәрігерлері жетіспеушілігі бар. Ауданға жоғары білімді дәрігерлер тарту мақсатында жыл сайын бос орындар жәрменкесіне қатысып, оларға төленетін көтермеақы, берілетін тұрғын үй жөнінде ақпараттық жұмыстар үнемі жүргізіліп отырады. Себебі ауданымызда жоғары технологиялық медициналық көмекке деген қолжетімділік деңгейі күн санап артып отыр, – дейді аудан әкімі.

Сондай-ақ, медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, оның стандарттарға сай жабдықталуы осы саладағы басты мәселелердін бірі. Бүгінгі күнде аудандық аурухана корпусы «Ауыл- Ел бесігі» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен. УЗИ, рентген қондырғыларымен қамтылған жылжымалы диагностикалық медициналық кешен халыққа қызмет көрсетуде. Ағымдағы жылы аурухана көпсалалық реанимациялық керуеттермен, қан құрамын автоматты түрде анықтайтын анализаторлармен, перфузор, инфузомат аппаратарымен толықтырылды. Облыстық емдеу мекемелерінің білікті дәрігер-мамандары қажет болған жағдайда аудандық ауруханамен телемедициналық байланыс арқылы кеңес беру мүмкіндігіне қол жеткізілді. Аталған қондырғылар әсіресі қазіргі әлемдік пандемия уақытында аса қажетті екенін көрсетті. Бұл әсіресе шалғай ауылдарда халықты скринингтік тексеру, вакцинациялау жұмыстарына оң септігін тигізуде. Бүгінгі күні ауданның эпидемиологиялық жағдай қалыпты деңгейде, тұрғындарды вакцинациялау жұмыстары жалғасуда, халық санының 62 пайызы вакцина қабылдаған. Бұл індеттін арылудын бірден-бір жолы екпе қабылдау екенін ескере отырып, өзімізді, жақындарымызды жұқпалы індеттен сақтау үшін барлығыңызды вакцина қабылдауға шақырамын.

Жалпы ауданның қоғамдық саяси ахуалы тұрақтылығымен ерекшеленеді.6 дәстүрлі діни орын – 2 мешіт, 4 намазхана қызмет жасайды.

Жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 49134 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның 47840 электронды түрде, 257 халыққа қызмет көрсету орталығында, 37 мемлекеттік органдарда көрсетілген.