Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қолжетімді қоғам

26 ноября 2021 15:44 • 566 просмотров

Бүгінгі күні интернетке қолжетімділіктің артуы – заманауи үрдістердің бірі. Қазіргі таңда біз ғаламдық желіні тек өміріміздің ажырамас бөлігі ретінде ғана емес, сондай-ақ әлемдік дамудың қажетті шарты деп қабылдаймыз. Интернеттің таралу жылдамдығы жылдам өсіп келеді.Сонымен бірге, интернет кеңістігіне жұмсалатын уақыт та өсуде.

Цифрлы технологияны пайдаланудың және интернетті пайдалану аумағын кеңейтудің оң әсері күмән туғызбайды. Сонымен қатар кез келген құбылыс секілді интернеттің қолданылуы өте қауіпті екенін де мойындау керек. Интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлердің ішінде, тіпті, денсаулықтың нашарлауы да бар.


Киберқылмыс – қазір көбісі біле бермейтін үлкен қылмыстың бірі. Кибершабуыл бұл құрылғыны өшіруді емес, пайдаланушылардың құрылғыларынан ақпаратты заңсыз және жасырын түрде жинауды көздейді. Бұл жағдайда енгізілген зиянды бағдарламаларды уақтылы анықтау қиындық туғызып тұр. Интернеттің кез-келген пайдаланушысы туралы ақпаратты оп-оңай алуға болады. Тіпті, кредиттік карталары, жеке ақпараттарын емін-еркін қолдана алатын киберқылмыскерлер де жетерлік. Осы тұста жастарға кибергигиена жайында толық ақпарат беріп, интернеттегі сауаттарын ашу үлкен міндет болып табылады.
24 қараша күні А. Байтурсынов атындағы Қостанай аймақтық университетінің смарт орталығында өткен «Ақпараттық технологиялардың заманауи дамуы призмасы арқылы киберқауіпсіздік тұжырымдамасы» семинарында Интернетте өзіңізді қалай қорғау керектігі талқыланды. Баяндамашы «Tengri Lab» ЖШС-нің «Қызыл командасының» аға инженері Олег Юрченко болды. «Tengri Lab» ЖШС жүйелік интегратор болып табылады және смарт қалалар, үлкен деректерді өңдеу, жасанды интеллект, қауіпсіздік және бейне-аналитика саласындағы IT жобаларын жүзеге асыру үшін құрылған.

Олег өзінің қызметі туралы қатысушыларға баяндап берді: «ақ хакерлер» қалай жұмыс істейді және нейрондық желілер біздің өмірімізді қалай жақсы жаққа өзгерте алады, әлеуметтік желілер арқылы қандай ақпаратты алуға болады және Интернетте өзіңізді қалай қорғауға болады.

Семинар-тренинг «Жастар арасында интернетке тәуелділіктің алдын алу бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру» жобасы аясында өтті. Жобаны «Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қазақстан жастар фракциясы» ҚҚ жүзеге асыруда.