Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Бірлескен жобалар жемісі

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалының партия активінің жиналысын өттікізді. Оған облыстық мәслихат депутаттары мен басқарма басшылары қатысы.

Өткен аптада Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өткен болатын.

Отырыс барысында Елбасы әрбір азаматтың іргелі құндылығы ретінде мемлекеттіліктің мызғымас негізі болған, бірлік пен келісімді ту еткен тәуелсіздікті ерекше атап өтті. Нұрсұлтан Әбішұлы жерді ата-бабаларымыздың баға жетпес мұрасы және халықтың игілігі ретінде белгіледі.

Отбасы мен дәстүр – қоғамның негізгі тірегі. Ұлттық мәдениет-рухани тірек. Білімге ұмтылу және еңбекқорлық-әл-ауқаттың кілті. Ал прагматизм-бәсекеге қабілеттіліктің кепілі. Белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін қолда бар ресурстар мен мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып, тиімді жұмыс істеу қажет. Жастардың өзін-өзі дамытуына, білім алуына және сүйікті ісімен айналысуына барлық жағдай жасалған.

«Елдіктің жеті тірегі» Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстандықтар үшін аралық қорытынды және сенімділік пен тұрақтылықтың бағдары, болашақта саяси жаңғыртудың маңызды біріктіруші негізі ретінде ұсынылған.

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен жиында облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов, Қостанай облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Алма Дощанова және «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бибігүл Аққожина баяндама жасады.

Ерлан Спанов «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Қ. Байбектің 2021 жылы орындалмау тәуекелдерімен бірге «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының іс-шараларын іске асыру және көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы» баяндады.

— Жол картасының 121 тармағы 13 нысаналы индикаторды қамтиды, оларда шамамен 2,0 трлн. теңге тұратын 2,0 мыңнан астам іс-шара көзделген. Бүгінгі күні Жол картасының 53 пункті орындалды, 11 пункті бойынша орындау мерзімі келген жоқ және басым бөлігі  — 57 пункті орындалуда. «Экономикалық тұрақты өңір» бағдарламасының бірінші бағыты аясында Жол картасының 16 пункті орындалды. Индустриялық-аграрлық өңір ретінде біз үшін, индустрияландыру және ауылды дамыту – табысты экономиканың және халықтың тұрмыс деңгейін арттырудың кепілі екенін түсіне отырып, сайлауалды бағдарламаның жобасын дайындау кезінде біз базалық салаларды дамытуға баса назар аудардық. Осыған байланысты, басым міндеттердің бірі инвестициялық жобаларды іске асыру болып табылады. Облыста 2,0 трлн. теңгенің 80 жобадан тұратын пулы қалыптастырылды, оның ішінде Жол картасы аясында 3 жобаны 2021 жылы іске асыру жоспарланған,-дейді облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов.

Мәселен, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында Қостанай облысында облыстың 2025 жылға дейінгі дамуының 7 негізгі басымдығы бойынша проблемалық мәселелерді шешуге бағытталған облыстық жол картасы әзірленді.

Жол картасы 121 тармақтан тұрады және 13 нысаналы индикатордан тұрады, онда шамамен 2,0 трлн теңге сомаға 2,0 мыңнан астам іс-шара көзделген.
Мәслихаттардағы негізгі партия институты депутаттық фракция болып табылады. Ол қоғамның өзекті күн тәртібін, сұраныстарын ескере отырып, облыс бюджетін бекітеді және қалыптастырады. Ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша облыста барлық деңгейдегі мәслихаттардың 267 депутаты, оның ішінде 215-і «Nur Otan» партиясынан, оның 194-і депутаттық фракциялардың мүшелері болып табылады.

Қостанай облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Алма Дощанова Қостанай облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының 2021 жылғы 11 айдағы қызметі туралы баяндады.

-Ағымдағы жылдың 1 қарашасына облыста барлық деңгейдегі мәслихаттардың 267 депутаты бар, оның ішінде 215-і «Nur Otan» партиясынан, оның 194-і депутаттық фракциялардың мүшелері болып табылады. Бүгінгі күні облыстық мәслихатта 33 депутат бар, оның 27-сі біздің партияның депутаттық фракциясының құрамында. Ағымдағы жылдың 10 айында облыстық фракция 4 жиналыс өткізіп, 20 ұсыным әзірлеп, 100% орындады. Жиналыстарда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды бағыттарын қозғайтын мәселелер қаралды. Фракция жұмысының басымдықтарының бірі «Nur Otan»партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру болып табылады. Осыған байланысты, партияның облыстағы, қалалар мен аудандардағы фракциялары партияның 21 сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша 1759 тармақтан тұратын жол карталарын бекітті, олардың әрқайсысына жауапты депутаттар – фракция мүшелері мен орындаушылар бекітілді. Қостанай облысы бойынша сайлауалды міндеттемелерін орындау аясында фракция мүшелері партияның облыстық, 4 қалалық және 16 аудандық сайлауалды бағдарламаларына жүйелі мониторинг жүргізуде. Ол үшін 178 Қоғамдық кеңес жұмыс істейді, оның ішінде 12 – өңірлік және 166 – аумақтық деңгейлерде. Осылайша, ағымдағы жылдың 10 айында кеңестермен 701 отырыс өткізілді, онда 1128 мәселе қаралды. Негізгі мәселелер Жол карталарының индикаторларын орындауға қатысты болды,-деді Алма Дощанова.

Біздің бүгінгі таңдағы негізгі міндеттеріміздің бірі «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында жұмыс болып табылады. Барлық көрсетілген өмірлік бағдарлар мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның ең алдымен күнделікті жұмысының негізі болуға тиіс.

ؘ–23 қарашада өткен «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің отырысында Партия Төрағасы, Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Мәңгілік ел» мұратын жүзеге асырудың жеті тұғырын айқындап берді. Бұл жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын қағидаттар жиынтығы. Елбасының бір-бірімен үйлесім тапқан жас ұрпаққа үндеуі барымызды бағалап, тәуелсіздік деген киелі ұғымды сақтап қалуымызға жол нұсқайды. Әрбір тұғырдың өзі еліміздің рухани өркендеуін әрі қарай дамытудың үлкен бағыты деп айтуға толық негіз бар. Сонымен қатар, Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік  тұғыры. Жастарымыздың  бойында елжандылық, азаматтық пен адамгершілік сезімдері жан-жақты жетілгенде ғана еліміздің парасаты асқақтай түспек,-деді «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бибігүл Аққожина

Отырысты қорытындылай келе, өңір басшысы қала мен аудан әкімдеріне, партияның аумақтық филиалдарының төрағаларына, барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарына, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелеріне, партия филиалдары жанындағы Қоғамдық кеңестердің төрағаларына жергілікті жерлерде Елбасының «Елдіктің жеті тірегі» қағидаттарының жиынтығын ақпараттық және түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырды.