Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ассамблеялықтарға алғыс

11 декабря 2021 13:30 • 1 303 просмотров

Қостанай қаласында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени ұйымдары, консультативтік кеңес және ғылыми-сараптамалық топтарының мүшелері марапатталды.

Ұлттар татулығы мен келісімін нығайтуға, жастарға рухани, патриоттық тәрбие беруге, әлеуметтік, отбасылық мәселелердің алдын алуға зор үлес қосқан ҚХА белсенді қызметкерлері Алғыс хатпен ардақталды.

«Бүгінгі кездесу – Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде атқарылған жұмыстың нәтижесі, яғни еліміздің бейбітшілік және келісім саясатын ұғынудың маңызды үлгісі. Өзінің алға қойылған міндетін алғашқылардың бірі болып абыроймен атқарған ҚХА қазақ халқының айналасына барлық этносты топтастырды. Білдің елде аз ұлттар деген ұғым жоқ, барлығы тең. Мемлекетіміздің дамуына әрқайсысының қосып жатқан үлесі бағасыз. Құрметті марапат иелері, сіздер қарапайым адамдардың өмірін жақсартуға жандарыңызды салып жүрсіздер. Сіздерге жемісті әріптестіктеріңіз үшін алғыс айтамын және бұл болашақта да жалғасын табады деп сенемін», – деді облыс әкімінің орынбасары Бақыт Есімова құттықтау сөзінде.

Республикалық Ассамблея төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың қолы қойылған Алғыс хат белгілі кәсіпкер, меценат Мәди Ихтияповқа табыс етілді. Ал облыстық ҚХА төрағасы, аймақ басшысы А. Мұхамбетовтің мадақтамасына өз ісінің озаты саналған 30 азамат ие болды. Олардың қатарында өңірдегі этномәдени бірлестіктердің мүшелері, ҚХА жанындағы кеңестердің өкілдері, ғылыми-сараптамалық топ белсенділері бар.

Салтанатты кеште ҚХА атқарған елеулі іс-шаралар бейнеролик түрінде сахнадағы үлкен экраннан көрсетіліп отырды. Сондай-ақ, өңірдің белгілі өнерпаздары концерттік бағдарламамен жиынның сәнін келтірді.