Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Арқалықта үш инвестициялық жоба іске қосылды.
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов бүгін Арқалық қаласына барып, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өңір үш инвестициялық нысанның ашылу рәсіміне қатысты.
Бірінші болып «Арқалық Айдар» ЖШС мал шаруашылығы кешені іске қосылды. Жоспар бойынша, бұл нысан «Торғай Ет»ЖШС ет өңдеу кешенін етпен қамтамасыз ететін болады. Бір реттік бордақылау алаңының қуаттылығы 5 мың ірі қара мал басын құрайды, ал асыл тұқымды репродуктордың қуаттылығы 2,5 мың басқа тең. Жобаның жалпы құны 2,7 миллиард теңге, 40 жұмыс орны ашылды.
Бүгін сондай-ақ, көлемі 20 мың тонна болатын бір реттік астық сақтау элеваторы ашылды. Жобаның құны 1,3 миллиард теңгеден асты.
Бұдан басқа, өңдеу қуаты сағатына 20 тонна құрама жем зауыты және жылына 13,2 мың тонна өнім ұсынылды. Бұл жобаның құны 545,6 миллион теңгеге тең.
Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің негізінде жатыр. Соңғы 30 жыл ішінде Арқалықта халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған көптеген жаңа нысан ашылып, іске қосылды.
– ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында нысандардың ашылуы Арқалыққа жаңа серпін беріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартады, — деп атап өтті Қостанай облысының әкімі.
Сапар барысында Архимед Мұхамбетов Арқалық қаласының жылумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғыртумен танысты. Бұл жоба Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Қаржыландырудың жалпы сомасы 7,4 миллиард теңгені құрайды. Сонымен қатар, өңір басшысы ЖЭО басшылығымен ағымдағы мәселелер бойынша жұмыс кеңесін өткізіп, «Қостанайюжэлектросервис»КМК кәсіпорнына барды.
Ол Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асановқа қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.