Мемлекеттік мереке – ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Г.Т. Нұрмұхамбетов 2021 жылғы 13 желтоқсанда Рудный қаласында Восточная көшесі бойында алғашқы кредиттік тұрғын үй ашты, оның құрылысы пилоттық жоба шеңберінде ағымдағы жылы басталды.
Қазіргі уақытта жалпы ауданы 19 мың шаршы метр немесе 300 пәтер болатын 5 тұрғын үй жобасы жүзеге асырылуда.
Болашақта 19 шағын ауданда жалпы ауданы шамамен 140 мың шаршы метр 18 көп пәтерлі тұрғын үй немесе 2 160 пәтер салу жоспарлануда.
2021 жылы облыста 449 мың шаршы метр тұрғын үй салынады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда құрылыс көлемінің 18%-ын құрайды. Он бір айда 413,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (бұл өткен жылдың деңгейіне 127,5%).
Тәуелсіздіктің соңғы отыз жылында Қостанай облысында
6,3 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды, 63 мыңнан астам азамат тұрғын үй жағдайларын жақсартты. Тұрғын үйді пайдалануға берудің орташа жылдық өсімі 19% — ды құрады.
«Отбасы банк» АҚ Қостанай филиалының директоры А. Д. Асқарова мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру шеңберінде қолданыстағы жеңілдікпен кредит беру бағдарламалары туралы айтып берді.
Іс-шара соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Г. Т. Нұрмұхамбетов облыс әкімінің атынан қала тұрғындарын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады!