«Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Арқалық» бағыты бойынша № 603 Тальго пойызы жүретін болды. Пойыз екі составтан құралған және күн сайын қатынайтын болады. Әр құрамда 348 орындық «Турист», 2 «Бизнес», 1 «Гранд», 1 «гранд PMR» санатындағы (мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін) вагондар, сондай-ақ вагон-бар және вагон-мейрамхана бар. Жолға кететін уақыт — 12 сағат 49 минут.
Пойызда жолаушылар мультимедиялық ресурсты ішкі желі арқылы пайдалана алады. Әуе тасымалдаушыларындағы сияқты олар өздерінің жеке құрылғыларының (ұялы телефондар, портативті компьютерлер) көмегімен сервердегі ойын-сауық бағдарламаларын, фильмдерді көре алады.
Бұл бағыт 12 желтоқсаннан бастап жолаушылар пойыздары қозғалысының жаңа кестесі аясында енгізілді. Кесте бойынша Қазақстанда 118 жұп пойыз жүретін болады. Оның 95-і «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на (оның ішінде қала маңындағы тасымал — 61), ал қалған 23-і жеке тасымалдаушыларға тиесілі.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі бойынша және Bilet.railways.kz. сайтынан ала аласыздар. Жолаушылардан вокзал аумағында және пойыздар ішінде бетперде режимін сақтауды сұраймыз.