Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Канзада Шымболатова, №20 ЖББМ директоры Жергілікті партия өкілдерінің жұмыстары жанданады

Бүгін ҚР-сының Президенті, «Nur Otan» партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басқаруымен 2022 жылдың 1-наурыз күні «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXII съезі өтті.

Съезде партияның саяси кеңесі құрамы өзгергені, партия мүшелері Әлсейітов Оспанбек пен Нұрлан Ниғматулин кеңестен шығарылып, премьер министр Әлихан Смайлов пен Президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу, Камалжан Надиров пен Максим Рожиннің құрамға қосылғаны туралы мәлімдеді.
«Nur Otan» партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси ұйымның атауын өзгерту туралы пікірталасқа қатысқанын, бірнеше ұсыныстың ішінен «Аманат» деген атауға тоқталғанын атап өтті. Біз де осы атауды құптаймыз.
Сонымен қатар ҚР-сының Президенті бірнеше саяси реформа бағыттарын белгілеп, оны 16 наурызда халыққа жолдауында атап өтетінін жеткізді. Партияның жауапты хатшысы партияның жаңғырту жоспарларының 7 басымдылығын ұсынды. Соның ішінде жергілікті партия ұйымдарының жұмысын жандандыру, жергілікті тұрғындармен тығыз қарым-қатынас , кері байланыс орнатудың тиімділігін ерекше атап өтті. Әсіресе, жергілікті партия өкілдерінің жұмыстарын жандандыру, оны түбегейлі өзгерту партияның алдында тұрған негізгі міндеті екенін баса көрсетті.
«Nur Otan» партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ең бастысы-халыққа берген уәдені орындау керектігін, тек қана қолжетімді, орындалатын шешілетін мәселелерге уәде беру қажет екеніне тоқталды. Партия көзбояушылық, цифр түрінде ғана, құрғақ уәдемен ғана шектеліп қоймау керектігін ескертті.
Халықтың әлеуметтік жағдайын өзгертуде партия мүшелерінің ұсыныстарына да құлақ салу қажет. Сондықтан да Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа бастамалар мен ұсыныстарға арналған республикалық ақция жариялап, осы акцияға әрбір қазақстандық азамат қатысып, алдымызда тұрған өзекті мәселелерді шешуде өз ұсыныстарын айта алатынын жеткізді.
«Nur Otan» партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тағы да бір ерекше көтерген мәселесі партия мүшелері шалғайда жатқан ауыл тұрғындарына жиі барып, қабылдау ұйымдастырып,халықтың мұқтаждарын ескеріп, туындаған мәселелерді сол жерде шешу қажеттігін айтып өтті.
Президентіміздің жариялаған акциясына біз,ұстаздар қауымы да, қатысып, білім беру саласында мектепті реформалау жағдайында, оқытып-үйрету мен тәрбие ісінде жаппай заманауи технологияларды қолдануға көшу процесіндегі кездесетін мәселелер мен ұсыныстарды жеткізе аламыз деп үміттенеміз.
Елімізді түбегейлі жаңғырту үшін қолға алынған ауқымды жобаларды іске асыруда партияның жұмысын мақұлдап, халықтың мүддесін көздеп, игі істер атқаратынына сенімдіміз.