Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Әйелдер – әлемнің әсем иесі

Халықаралық әйелдер күніне орай көп балалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» марапаттары табысталды.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, бүгінде елімізде әйелдер қауымы ерлермен тең дәрежеде барлық саланы игеріп, жақсы нәтижелер көрсетуде.

— Егер Қостанай облысы туралы айтатын болсақ, онда біздің әйелдер өңірдің қоғамдық және саяси өміріне белсенді қатысады. Бүгінде барлық деңгейдегі мәслихаттардың 267 депутатының 40% – ы (102 адам) әйелдер. Қазіргі уақытта облыс бойынша 5500 – ден астам мемлекеттік қызметшілерінің 60% – ы нәзік жандылар. Айта кету керек, 155 әйел жергілікті атқарушы органдарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарады. Оның ішінде: облыс әкімінің бір орынбасары, облыстық басқармалардың алты басшысы, қалалар мен аудандар әкімдерінің жиырма екі орынбасары және аппарат басшылары, отыз бір ауылдық округ әкімі бар. Қазіргі қазақстандық әйелдің бейнесі сан қырлы: әйел-саясаткер, әйел-кәсіпкер, әйел-қоғам қайраткері… Бірақ әйелдің басты миссиясы – ошақтың берекесін сақтау және солай болып қала береді, – деп атап өтті өз сөзінде Архимед Мұхамбетов.

Мереке қарсаңында Қостанай облысының әкімі жеті және одан да көп баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеген аналарға «Алтын алқа» алқасын табыс етті. Марапатқа 7 адам ие болды. Алты бала туып, тәрбиелеген аналарға «Күміс алқа» табысталды. Олардың саны- 9.

Салтанатты концертте шақырылған арнайы қонақ кеңестік және қазақстандық кино және театр актрисасы, Қыз Жібек рөлін сомдаған Меруерт Өтекешева болды.

— Меруерт Қаратайқызы Өтекешова «Қыз Жібек» фильмінде басты рөлді сомдады. Қазақ халқының тарихында Қыз Жібек даналықтың, сұлулықтың эталоны және ошақтың сақтаушысы болып саналады. «Қыз Жібек» фильмінде басты рөлді сомдаған Меруерт Қаратайқызы біздің заманымыздағы қазақ қыздарының үлгісіне айналды, – деп атап өтті аймақ басшысы.

Салтанатты бөлімнен кейін көрермендерге арналған қостанайлық әртістердің мерекелік концерті өтті.