Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Рүстем БЕЙІШОВ, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ аға оқытушысы: «Жаңа Қазақстан – жаңашыл бастама»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес еліміздің 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілгені белгілі. Онда еліміздің 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспарында жаңа экономикалық бағыттың негізгі міндеттері мен параметрлері айқындалған. Маңызды құжат халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

Ол үшін түбегейлі институционалдық және салалық реформалар жасау көзделген. Мақсатты іс бойынша үшін экономиканың өзіндік жеткіліктілігін арттыру, әртараптандыру, инвестицияларды таргеттелген тарту, экспортты белсенді ілгерілету, жеке кәсіпкерлікті қолдау және кешенді дамыту арқылы оның жаңа құрылымын қалыптастыру бойынша нақты шаралар қабылданбақ.

Алдағы уақытта аталған жобаға сәйкес денсаулық сақтау мен білім беру қызметтерін жақсартуға, инфрақұрылымды дамытуға, нәтижелі жұмыспен қамтуға және халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға ерекше назар аударылады. Бұл еліміздің әлемдік өркениетке қарай бет түзеп, дамыған мемлекет құруға бағытталған айқын қадам деуге болады.

Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтары туралы» Жарлығы жалпыұлттық басымдықтардың үш түйіні бойынша 10 нақты міндетті белгілеп берді. Олар — азаматтардың әл-ауқаты, институттардың сапасы және күшті экономика құру. Яғни, келешекте әділ әлеуметтік саясат, денсаулық сақтаудың қолжетімді және тиімді жүйесі, сапалы білім беру, азаматтардың мүдделерін қорғауға арналған әділ және тиімді мемлекет, мемлекеттік басқарудың жаңа моделі, патриотизм құндылықтарын дәріптеу, ұлттық қауіпсіздікті нығайту, әртараптандырылған инновациялық экономика құру, экономикалық және сауда дипломатиясын белсенді дамыту және теңгерімді аумақтық даму тәрізді он бағытта тиісті реформалар жасалады.

Ең басты байлық-адам капиталы десек, қолға алынған барлық шараның түпкі мақсат-мүддесі біреу, ол – қарапайым халықтың жағдайын түзеу.

Ендеше, Президенттің жаңа идеясы жаңашыл істерге бастайды деп нық сеніммен айтуға әбден болады.