Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Мерекемен құттықтады

24 марта 2022 11:13 • 519 просмотров

«Бақытты отбасы»: Қостанай облысында 317 аз қамтылған отбасы азық-түлік жиынтығын алды.

«Аманат» партиясы бастамашылық еткен «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде «Наурыз мейрамын» мерекелеу құрметіне Қостанай облысында АӘК алатын, көп балалы және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 317 аз қамтылған отбасыға азық-түлік жиынтықтары табысталды.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов осы санаттағы бірнеше отбасының шаңырағына жеке барып, Наурыз мерекесімен құттықтап, азық-түлік жиынтығын табыс етті.

Өңір басшысы барған отбасылардың бірі Анна Пинежскаяның отбасы. Ол көпбалалы және мүгедек бала тәрбиелеп отыр. Жалғыз өзі 5 баланы тәрбиелеп отыған ана азық-түлік себеттері қажет деп санайды және оның отбасына осындай көңіл бөлгені үшін риза.

Сондай-ақ, облыс әкімі 4 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы Қаламқас Деріпсәлінің және «Алтын алқа» алқасымен марапатталған Жанат Шәкірованың отбасына азық-түлік себеттерін табыс етті. Сонымен қатар, облыстың басқа да отбасылары бұл акцияға қатысты.

Азық-түлік жиынтығына ұн, қант, күнбағыс майы, шай, жарма, макарон және басқа да қажетті өнімдер кіреді.

Сонымен қатар, аталған жоба аясында бұған дейін облыс кәсіпкерлері мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, партия мүшелері мұқтаж отбасыларға жөндеу жұмыстарын жүргізу, азық-түлікпен, қажетті көмір және отын қорымен қамтамасыз ету, қарыздарды өтеу және коммуналдық қызмет көрсетуді қалпына келтіру, улы газ датчиктерін орнату бойынша көмек көрсету бастамасын қолға алған болатын.

Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері облыстың 21 мыңға жуық отбасына көмек көрсетілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.