Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жаңа мүмкіндіктер сыйлайды

24 марта 2022 14:34 • 758 просмотров

Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру бойынша облыс активінің отырысы өтті.

Бүгін Қостанай облысы әкімдігінде өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру бойынша облыс активінің отырысы өтті.

Еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасының 10 бағыты барлық саладағы өзгерістерді қамтиды. Президенттің өкілеттігін шектеу, биліктің өкілді тармағын қайта қалыптастыру, сайлау және партия жүйесін, сайлау процесін жетілдіру жөніндегі бастамалар жаһандық және нәтижелі қадам болып саналады. Бұл туралы өз ойларын басқарма басшылары, ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер, белгілі заңгерлер ортаға салды.

— Алғашқы бастамалар об­лыс әкімдерінің актілерінің күшін жою немесе тоқтата тұру, Сенаттағы президенттік квотаны қысқарту, сондай-ақ Президенттің аудан, қала, ауылдық округ әкімі лауазымынан шығару құқығын қысқарту жөніндегі функцияларға қатысты болды. Осыған байланысты әкімдердің халық алдындағы жауапкершілігі арта түскенін атап өткім келеді. Бұл әсіресе жергілікті өкілді органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының рөлінің күшеюіне байланысты, – деп атап өтті облыс әкімі.

Сондай-ақ, дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралар айтыл­ды. Олар валюталық операцияларға, азық-түлік қауіпсіздігіне және алдағы егіс науқанына дайындыққа қатысты.

Президент ұсынған бастамалар экономиканың өсуіне және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

Қазіргі уақытта негізгі міндет – халық арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Актив қорытындысы бойынша өңір басшысы мәслихат депутаттарының, қоғамдық пікір көшбасшыларының, әр сала бойынша сарапшылардың, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің, жастар қатарындағы спикерлердің тізімін жасап, Мемлекет Басшысының Жолдауын түсіндіру бойынша белсенді жұмыс жүргізуді тапсырды.