Биыл ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланып жатыр. Осыған орай Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында жазушы Өтен Ахметтің шығармасы бойынша «Алаштың Ахметі» драма-элегиясының премьерасы өтті.
Қойылымды өңір басшысв Архимед Мұхамбетов тамашалады.
-Бұл қойылым – Ахаң рухына жасалған тағзым. Қойылым арқылы Ахмет Байтұрсынұлының жары Бәдрисафамен арасындағы сүйіспеншілік, сыйластық сезім арқылы, оның елге деген махаббаты, өз ісіне деген адалдығы, халқына деген перзенттік борышына куә болдық. Сонымен бірге, спектакльдің авторы Өтен Ахметке, қоюшы режиссер Қуандық Қасымға және театрдың барлық шығармашылық, жабдықтау және әкімшілік құрамына алғысымды білдіремін! Жаңа спектакльдің дүниеге келуі-үлкен еңбек. Мерейтой жылы бұл облыс тұрғындары үшін жақсы сыйлық,-деп атап өтті ол.
Мұның сыртында, тетар ғимаратында ұлт ұстазының ғылыми еңбектері мен қайраткерлік қызметінен сыр шертетін көрме қойылды. Қалың көрермен Ахаңның көл-көсір мұрасымен, жазба еңбектерімен, құнды тарихи мәліметтермен, архив құжаттарымен танысуға мүмкіндік алды.