Елімізде маңызды мереке – Қазақстан халқының бірлігі күнін аталып өтуде. 1 мамыр – қостанайлықтардың ең сүйікті мерекелерінің бірі.
Қазақстан халқы Ассамблеясы облыста 11 мыңға жуық адамды қамтып, 100 млн.теңгеге жуық сомаға көмек көрсете отырып, 200-ден астам қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Мерекеге орай орталық алаңда облыстағы тауар өндірушілердің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Ұлттық тағамдар көрмесі, қолөнершілердің қатысуымен этно-көрме өтті. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов аталмыщ көрмелерді аралап, тамашалады.
Одан әрі іс-шара «Көктем, достық, бір халық» атты мазмұнды концерттік бағдарламамен жалғасты, онда ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тамара Асар өнер көрсетті.
-Қазақстан халқының бірлігі күні — әрқайсымыз үшін Отанға деген сүйіспеншіліктің, дәстүрлер мен ұрпақтар сабақтастығының, шынайы патриотизмнің символына айналды. Этносаралық келісімнің қазақстандық моделі бүкіл әлемде мойындалғаны ешкімге құпия емес. Тарихи тұрғыдан алғанда, біздің облыс республиканың көпұлтты аймақтарының бірі болып саналады. Біздің облыста 17 этномәдени бірлестік бар, олар аймақта тұратын барлық ұлт өкілдерінің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениетін сақтайды және құрметтейді,-деп атап өтті Архимед Мұхамбетов.