Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қостанайда Жеңіс күні тойланды

Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығы аталып өтті. Бұл тарихи күн маңыздылығын жоғалтпайды, жылдар өте келе ол аңызға айналады және оның мәні арта түседі.

Бұл күні Қостанай облысында Ұлы Отан соғысының 36 ардагері Жеңіс күнін атап өтуде. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Жеңіс саябағында Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар мемориалына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Соғыс жылдарында майданға 1 миллион 800 мыңнан астам қазақстандық аттанды, олардың жартысы соғыстан оралмады. Біздің өңірден 75 мыңға жуық адам шақырылды, олардың 43 мыңнан астамы қайтыс болды немесе хабар-ошарсыз кетті.

Сонымен қатар, Жеңіс саябағының аумағында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрғындар солдат ботқасынан дәм татты, одан әрі «Майдан бригадалары» акциясына, «Естелік» жеңілатлетикалық жүгірісіне, «Жеңіс вальсі», «Бейбіт күн жасасын әлемде»үрмелі оркестрінің концертіне қатысты.