Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Маңызды референдум күтіп тұр

«AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Бибігүл Аққожинаның төрағалығымен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды қолдау үшін облыстық партиялық штабтың алғашқы отырысы өтті. Жиынға облыстық мәслихаттың депуттары мен зиялы қауым өкілдері жастар қанаты мен партия қызметкерлері қатысты. 

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынды. «Бұл – Екінші Республиканың саяси іргетасы. Президенттің осы тарихи шешімдері – жаңа әрі әділетті Қазақстан құру жолында жасалған ірі қадам. Мұның барлығы саяси бәсекелестікті күшейтуге жол ашып, Қазақстан азаматтарына жаңа әрі тең мүмкіндіктер береді. Мемлекет басшысы ұсынған кешенді реформаларды жүзеге асыру үшін Конституцияға 33 өзгеріс пен толықтыру енгізу қажет. Аталған өзгерістерді құқықтық тұрғыда бекіту үшін Президент республикалық референдум өткізуді ұсынды. Конституцияны жалпыхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту – «мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі – халық» деген принциптің іс жүзінде орындалуының айғағы. «AMANAT» партиясы Конституциялық реформаның маңыздылығын терең түсіне отырып, алдағы референдумды өткізуді толық қолдайды!», – деді  Б.Бүркітқызы. 

Осыған байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен іс-шараларды ұйымдастыру үшін партия республикалық және 17 өңірлік штаб құрды. Қостанай облысында аудан мен қалаларды қамтыған 21 штаб құрылды. Олардың құрамына орталықтағы және өңірлердегі «AMANAT» активтері кірді. Негізгі іс-шараларды елдімекендерде, азаматтар көп шоғырланатын демалыс орындарында өткізу жоспарланып отыр. Үйме-үй аралап, шағын кездесулерге көп мән берілетін болады. Әрбір қала тұрғындарына өзгерістердің маңызы мен мақсатын жеткізу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылады.