Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жеңіспен оралды

Жақында Тәжікстан республикасының Истаравшан қаласында белбеу күресінен халықаралық жарыс өтті. Аталмыш жарыста қостанйалық сопртшылар күш сынасып, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді.

Қостанай облысы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жекпе-жек» спорт клубының жастары бұл жарыста жақсы өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды. Белбеу күресіне Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан спортшылары да қатысқан.

Қостанайдан барған Әділет Жанбыршин бірінші орын, Рахмет Сапиев пен Данияр Кункубаев үшінші орны алды.

Жас спортшылардың бапкері Сәлім Атығаевтың айтуынша, облысымызда аталмыш спорт түрі 2017 жылдан бері қолға алынған. Қазіргі таңдағы көрсеткіштері ауыз толтырып айтарлықтай.

-Белбу күрес – біздің өңірімізде енді дамып келе жатқан спорт түрі. Бірақ жетістіктеріміз бар. Өткен жылдары әлем чемпионатында Өзбекстанға есе жіберіп, екінші орынға қанағат тұттық. Енді, міне, Тәжікстаннан жүлделі оралдық. «Жекпе-жек» спорт клубына келуші жастардың саны арртып келеді,-дейді ол.