Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Оң жамбасыңа келетін мамандықты таңда

Дүниеде екі нәрседен қателеспеу керек десе, соның бірі – мамандық. Десек те, алмағайып заманда қайда, қалай қайтіп қадам басуды білмей тұрған талап-кер аз емес.21 ғасырға ғалымдар «Арпалыс ғасыры» деп баға беріпті.

Яғни бүгін ашқан жаңалғы­ңыз, ертен өзекті емес.Бірде футурист Митио Каку «Болашақта адам ісінің 50%-ын роботтар атқарады, көп мамандықтар жойыл-мақ», деді. Еуропа елдерінде мектеп оқушыларын мамандыққа баулып, жасөспірімді 9 сыныпта бейіміне қарай бағыттайды. Машина бөлшектері, компьютерлік бағыт, тағы сол сияқты. Мынадай сөз бар: «Германияда әрбір мектеп бітіруші түлек «OPEL» автомбилінің моторын шашып, қайта жинай біледі» деген.

Сонымен қатар мектептен арнаулы орта техникалық мамандық иесі болып шығады екен. Жанжағыңызға көз жіберіп қарар босаңыз – ұмтылыс, бірінен бірі асқан ғылыми технология, әлемнің ЖОО-дары кіл мықтыға есігін ашуда. Бәрінің сұрақтары: IT, нанотехнология, робототехнология, машина жасау, т. б. Бітіргенен соң қайда барамын деп бас-қатырмасаңыз да болады. Білікті маман болсаңыз болды, шетелде алпауыт корпарациялар, холдингтер сізді өзі іздейді. Бұл – бізге де үлгі аларлық іс. Биылғы мемлекеттік гранттың басым көпшілігі ауылшаруашылық бағытта, әлемдік сарапшылардың пікірінше, экономист, заңгер, қаржыгерлер керексіз. Бірте-бірте бұны компьютер атқаруда. Бірде ғаламтордан мынандай сөз оқыдым «Саған құдай бермегенді Сорбонна университеті бере алмайды» деген. Бұл – дүниедегі белді оқу орнының мандайшасындағы жазу. Уақыт – қысқа, таңдау – біреу. Осы таңдау әрбір жастың өмірлік тіреуі болғаны абзал. Болашақты бүгінен қала, оң жамбасына келетін мамандықты таңда. Әр елдің өсіп-өркендеуі, тарихи сындардан сүрінбей өтуі халқының бірлігі мен көреген басшысына байланысты. Президентіміз Қ. Тоқаев Қазақстаның дамуын қамтамасыз ететін, тұрақтыығымыздың діңгегі саналатын бес қағидатты жариялап, сырттан төнетін қауіп-қатерлердің алдын алу шараларын күшейту-ді міндеттеді. Осындай мақсаттармен міндеттерді біздің А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-ің ректоры басшылығымен қолға алған болатын. Еліміздегі білім ордалары секілді А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірік университеті де білікті мамандар дайындау арқылы еліміздің дамуына үлес қосады.

Мысалы, шағын және орта бизнесті дамыту үшін біліктілігі жоғары мамандар керек. Оларды білім ошақтары ғана дайындайды.Сондықтан білім саласымен бірге ғылымды дамытуды да ұмытпау қажет. Өйткені ғылым болмаған жерде инновациялық жобалар дамымайды. Президентіміздің 2012 жылғы 16 наурыздағы жолдауында Индустрияландыру бағдарламалары шеңбері базаларында ғылымның экономика салаларымен мамндар дайындауымен байланысты қамтамасыз етілітін ЖОО анықталғанын айтты. Сол алдыңғы қатарлы университеттің қатарында біздің ҚӨУ-і де бар. Бәсекеге қабілетті маман, білікті кадр. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік унверситеті еуропалық және қазақстандық университеттер консор-циуымен тығыз байланыста және студенттердің өмірге және заманауи интеграциялық үрдістер талабына сәйкес болуына себебін тигізеді. Қазіргі ғылыми зерттеу жұмысына талдау көрсетіп отырғандай, инновациялық әлеуеттің дамуын қолдау, өнеркәсіпте енгізу үрдістерін үйлестіру арқылы нақты сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру керек. Тәжірибеге бағытталған сабақтар саны әлі де ұлғайтылуда. Ветеринариялық медицина кафедрасының меңгерушісі Аубакиров М.Ж Президентіміздің Қ. Ж. Тоқаев жолдауындағы тапсырманы орындауға кафедраның қатардағы оқытушыларын бастап, прфессор-ғалым оқытушыларын әр жыл сайын санаттылықты көтеруге, студенттерді тәжірибелік сабақпен байланыстырып оқытуға, жаңаша көзқараста жүргізуге көңіл бөлуде.

Себебі, білім қорымыз барынша мол дегенімізбен сол сарқылмас күшті қай арнаға бағыттау керектігін бастапқы кезде жас мамндардың бәрі біле бермейді. Осы тұста Мағжан Жұмабаевтың» Қазақтың қаны да бір, жаны да бір жолбасшысы мұғалім» дегені ойланбай көкейге сап ете қалады. Ветеринариялық медицина кафедрасында және жалпы университет көлемінде ғылыми жұмыстар ілкімді жүргізіледі. Тегза А. А., Мустафин М. К., Рыщанова Р. М., Сапа В. А., Сыздыков Ж. С. – осы факультеттегі белді ғалымдар және білікті ұстаздар. Александра Тегза бірнеше жылдан бері Германиялық ғалымдармен тізе қсып жұмыстар жасап келеді. 2013 жылы Германияның академиялық алмасу қызметінің грантының арқасында Лейпциг университенінің ветеринариялық патология институтында үш айлық ғылыми санаттан өтті.

Сонымен қатар Литвадағы Каунас университеті ғалымдарымен де бірлескен ғылыми жоба жасады. Жүрсін Сұрағанұлының жетекшілігімен Алматы қаласындағы Қаз ҰАУ-де өткен «10 Республикалық студенттік пәндік олимпиада» да шәкірті Абдикерім Бибарыс Білім министрінің грамотасымен марапатталды. Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан көрші облыстарда да ветеринарлық кадрлардың тапшылығынан соңғы кезде аса қауіпті «зооантропоноз-дық\адамнан малға, малдан адамға жұғатын аурулар» белең алуда. Еңбек нарығында ветеринар мамандарына сұраныс мол. Қазіргі таңда бұл мамндық Қазақстанымыздың солтүстік аймағында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде даярланады.

ҚР Президенті биылғы Жолдауында агрөндіріс саласына ерекше көңіл бөліп, «Төртінші өнеркәсіптік революциясы жағдайындағы дамудың жаңа мүмкідік-терін» осы салада барынша пайдалануға пәрмен берді.Президентіміз бен ғылым-білім министрі жүктеген міндеттерді жүзеге асыруға тәрбиелеп отырған болашақ мамандардың қосар үлесінің қомақты боларына сенімдімін.

Баймұқан Темірбекұлы, А. Байтұрсынов атыдағы Қостанай өңірлік университеті, ветеринарлық медицина кафедрасының аға оқытушысы