Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Тау тұлғаға құрмет

Облыстық «Қостанай таңы» газетінің 100 жылдығы және Мұхамеджан Сералиннің туғанына 150 жыл толуына орай редакция ұжымының ұйымдастыруымен тағылымды іс-шаралар өтті.

Атап айтқанда, ата басылымда 45 жыл қызмет еткен сақа журналист, публицист, ҚР Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Сәлім Тоқмырзаұлы Меңдібайдың мемориалдық тақтасы ашылды. Ескерткіш тақта редакция қабырғасына ілінді.

Салтанатты іс-шараға өңірдің зиялы қауымдары, жергілікті билік өкілдері, тұлғаның ізбасарлары, марқұмның туыс-туғандары және редакция ұжымы қатысты. Тақтаның ашылу рәсімінде ел ағалары сөз сөйлеп, Сәлім ағамыз туралы естеліктер айтты. Ескерткіштің пердесін сүру құрметі соғыс ардагері, қаламгер, жыршы, абыз ақсақал Қасымхан Алдабергенов пен қоғам қайраткері Тоқтарбай Қадамбаевқа берілді.

Тағзым гүлін қою рәсімінен соң іс-шара велошеруге ұласты. Журналистер қауымы, сондай-ақ ниет білдірген ерікті қала тұрғындары редакция маңынан мәре алып, алдын ала белгіленген маршрутпен 20 шақырым жол жүріп өтті. Ал жиынға келген ақсақалдар облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы, Ы. Алтынсариннің облыстық мемориалдық мұражайындағы және Л. Толстой атындағы облыстық кітапханадағы Сәлім Меңдібаев және «Қостанай таңы» газетінің көрмелерін тамашалады.

Кейін аға буын өкілдері теміржол вокзалы маңындағы Б. Майлин ескерткіші түбінен велошерушілерді тосып алуға барды. Барлық мейман «Турист» мейманханасында Сәлім Тоқмырзаұлының асына жиылды. Марқұмның рухына дұға бағышталып, көзкөрген аға-іні, замандастары естелікт-сырлар шертісті.

Бетті дайындаған Бақыт ТҰРАШ, суреттерді түсірген автор