Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қазақстан полициясына — 30 жыл

1 июля 2022 12:30 • 782 просмотров

Жастар сарайында Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Бұл күні ішкі істер сапындағы полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, табысты жұмысымен көзге түскендер марапатталады.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов бейнебайланыс арқылы облыстық Полиция департаментінің қызметкерлерін құттықтады.

Облыс әкімінің орынбасары Виктор Ионенко өңірдегі полиция департаментінің ұжымын құттықтады. «Жыл сайын өңірдің ауыл, селолық округтерінде екі жүзден астам учаскелік пунктер ашылды, сексеннен астамына күрделі жөндеу жүргізілді. Жыл сайын ішкі істер саласына жергілікті бюджеттен 2 милард теңге қаржы бөлінеді. Соңғы үш жылда тәртіп сақшылар 150-ге жуық автокөліктермен қамтылып, қызметтік пәтерлер берілуде. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасатын болады, – деді Виктор Ионенко.

Қостанай облысы – Ресеймен шекаралас аймақта. 2015 жылы ресейлік әріптестермен қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау саласындағы ынтымақтастық жоспарына қол қойған. Содан бері көрші екі аймақ іскерлік байланыста.

– Екі елдің ішкі істер органдарында қызметтік борышын адал атқаруда, олар әрқашан ерлік пен батылдықтың үлгісі болады, – деп атап өтті генерал Михаил Скоков салтанатты шарада. Еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап қызметтік борышын орындау кезінде 44 қостанайлық полицей қаза тапты, оның 12-сі қылмыскерлерді ұстау кезінде мерт болды. – Қостанайлық екі батыр Медет Досымханов пен Дархан Базарбаев қайтыс болғаннан кейін ІІ және ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен мемлекеттік наградалармен марапатталды, – деп атап өтті Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков.

Салтанатты шара аясында бірқатар қызметкерлер естелік сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ полицейлер кезектен тыс атаққа ие болды. Айта кету керек, қызмет бабында қаза болған тәртіп сақшыларның ата-аналары да шақырылып, марапатталды.