Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жаңа алаң пайда болды

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласы «Юбилейный» шағын ауданындағы «Free fitness’ спорт алаңына барды. Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Жастар сарайы мен Мұз сарайы арасындағы аумақта «Free fitness’ кәсіби жабдығымен жаңа спорт алаңы жабдықталған. Аталмыш алаң күш жаттығуларына, сондай-ақ бұлшық еттерді кешенді дамытуға және нығайтуға арналған 23 функционалдық көше тренажерларынан тұрады.

Спорт құрылғылары көше тренажерларының қауіпсіздік техникасы бойынша мәлімет беретін QR кодпен жабдықталған, сондай-ақ тренажерлер мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімделген. Қалалықтарға ыңғайлы болу үшін жауын-шашыннан және күннен қорғайтын тренажерлардың үстінен бүкіл периметр бойынша шатыр орнату жоспарлануда.

Спорт алаңының аумағын сыртқы жарықтандыру және бейнебақылау қарастырылған. Орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды.

— Осы спорт алаңы қостанайлықтардың сүйікті орнына айналатынына сенімдімін.

Қостанай қаласының әкімдігіне осындай спорт алаңдарын қаланың басқа бөліктеріне орнатуды тапсырдым, – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.