Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Өңір басшысы Рудныйға барды

14 июля 2022 10:00 • 463 просмотров

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Рудный қаласына барды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бірінші кезекте ол Горняцкий кентінің жергілікті тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар жолдарды жөндеу, жолаушылар тасымалы, ауылды абаттандыру мәселелерін көтерді. Ауыл тұрғындарының барлыш сұрақтары бойынша орындаушыларға тиісті тапсырма берілді.

Одан әрі өңір басшысы Рудный қ. магистралды жылу желілерінің қайта жаңартылуын қарап шықты. Ағымдағы жылы жылу желілерін қайта жаңартуға 2,4 млрд.теңге бөлінген.

Қаланы абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, “40 лет Октября” көшесінде Марите Бежите атындағы саябағы қайта жөнделіп жатыр . Қазіргі уақытта шағын сәулет нысандарын, соның ішінде балалар ойын кешендерін, тренажерларды, орындықтарды, бейнебақылау орнату жұмыстары жүргізілуде. Саябақтың жалпы ауданы 9 мың ш. м. құрайды.

Бұдан соң оьлыс әкімі қала басшыларымен шаһардың жылыту маусымына дайындық бойынша кеңес өткізді. Өндірістік және әлеуметтік кешен объектілерін 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымына дайындау қарқынды жүріп жатыр. Алдағы қысқа қала әзір.

Содан кейін қалалық жағажайға барды. «ССКӨБ» АҚ күшімен Тобыл өзені тазартылып, қоқысы шығарылды, жағажайға құм себілді. Бюджет қаражаты есебінен қайыққа түсу өткелі жөнделді, волейбол және баскетбол алаңдары жасалды, орындықтар мен қоқыс жәшіктері, сондай-ақ киім ауыстыруға арналған жағажай кабиналары орнатылды. Шомылу аймағы қоршалған.

Келесі жылы мұнда батуттар, жағажай күнқағарлары, әткеншектер, бақылау мұнаралары, сондай-ақ құтқару, медициналық, полиция бекеттері орнату жоспарлануда. Жалпы жобаны іске асыруға 290 млн.теңгеден астам қаражат бөлінді.

Одан әрі Архимед Мұхамбетов жастар ресурстық орталығында болды. Өткен жылы акт залы мен кітапханаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ғимараттың жалпы ауданы 520 ш.м. құрайды, 130 орындық акт залы жабдықталған, сондай-ақ коворкинг орталығы бар.

Сапар соңында Ленин көшесіндегі модульді полиция бекетіне барды. Аталған пункт барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған.

Сапар қорытындысы бойынша Архимед Мұхамбетов Рудный қаласының әкімі Қ.Испергеновке барлық жоспарланған жұмыстарды сапалы және көрсетілген мерзімде аяқтауды тапсырды.