Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Kostanay business show 2022

14 июля 2022 17:29 • 492 просмотров

Қостанайдағы жастар сарайында «Kostanay business show 2022» атты республикалық бизнес-жәрмеңке өтті. Осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған екі күндік шараға Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды облыстарынан өндіріс, сауда және қызмет көрсету саласында еңбек етіп жүрген 100-ден астам кәсіпкер қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында өтіп жатқан дәстүрлі шара кәсіпкерлердің өзара тәжірибе алмасуына, сондай-ақ сауда кеңістігі мен қызмет көрсету аясын кеңейтуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар аталған бизнес жәрмеңке аймақаралық байланыстарды нығайтуға жол ашады.

— Бүгінгі бизнес-жәрмеңкенің ең басты мақсаты – кәсіпкерлерге өз өнімдерін көпшілікке жан-жақты таныстырып, турасын айтқанда насихаттауға мүмкіндік беру. Іс-шараға қатысушылар бір-бірімен танысып, ортақ жобалар шығарса дейміз. Сонымен қатар мұнда мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асыратын қаржы ұйымдары мен тиісті мекемелерді де шақырып отырмыз, – дейді іс-шараны ұйымдастырушы «Жас Атамекен» клубының жетекшісі Зарина Көкжанова.

Жәрмеңке барысында тәуелсіз қазылар алқасы «Өндіріс», «Сауда», «Қолөнер», «Қызмет көрсету» және «Тағам өндірісі» бағыттары бойынша 5 жеңімпазды анықтады. Сонымен қатар шараны тамашалауға келген қала тұрғындарының дауыс беруі арқылы «Халық таңдауына» ие болған жеңімпаз анықталды.

Бетті дайындаған Маржан Алпыс, суреттерді түсірген автор