Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Жастардың кезектен тыс съезі

14 июля 2022 15:27 • 640 просмотров

Кеше «AMANAT» партиясы жанындағы Жастар қанатының кезектен тыс VI съезі өтті.

Ақмола облысының Зеренді ауылында өткен съездің пленарлық отырысына еліміздің барлық өңірлерінен 350-ден астам делегаттар мен қонақтар қатысты. Біздің облысты съезде 11 делегат таныстырды.

Отырыс барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев делегаттарға бейнеүндеу жолдады. Онда Мемлекет басшысы жаңа Қазақстанның жастары үшін үш маңызды басымдықты атады: бұл білімге деген ұмтылыс, еңбекқорлық және патриотизм. Мемлекет басшысы жастардың аға буын өкілдерінің зор үмітін ақтайтынына сенім білдірді. Съезде жастар қанатының ребрендингі ұсынылды және қолдау тапты. Еліміздегі 105 мың адамды құрайтын ең ірі жастар ұйымы «Жастар рухы» деп аталды. Партияның жастар қанатын жаңарту тек атауын өзгертумен шектелмейді. Іс-шарада жастар ұйымын трансформациялау бағдарламасы ұсынылды және бірқатар қызықты жобалар мен бастамалар айтылып, орталық кеңестің құрамы өзгертілді.

Осының барлығы партияның жаңғырту әлеуеті жақсы екенін және қайта құру арнасында ілгерілеуге дайын екенін растайды.