Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Сессия отырысы өтті

15 июля 2022 10:00 • 438 просмотров

Биылғы жылғы 11 шілдеде Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы Сайлаубек Ещановтың төрағалығымен бейнеконференц байланыс арқылы жетінші шақырылған Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты.

Жиын уақытында әлеуметтік желілерде онлайн-трансляция жүргізілді.

2022–2024 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау мәселесі бойынша Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г. Г. Мусагазина бюджетті нақтылау шеңберінде сөз сөйледі:

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына – 516,2 млн теңге, оның ішінде:

• 35 жасқа дейінгі сұранысқа ие салалардың жас мамандарының тұрғын үй жағдайларын жақсартуға Отбасы банкі арқылы тұрғын үйге несие беру үшін 350,0 млн.теңге. Бұл бағдарлама Қостанай қаласының аумағында пилоттық режимде іске қосылады;

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына – 112,9 млн теңге, оның ішінде:

• «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жеке кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы бойынша ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік гранттар беруге – 100,0 млн теңге. Бұл кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін, сондай-ақ, жұмыс орындарын сақтауды және жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына – 97,4 млн теңге, оның ішінде:

• Қостанай облысының ормандарын молықтыру мен орман өсірудің кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде ЖЖМ сатып алуға 20,0 млн.теңге.

Сонымен қатар депутаттар Н. Н. Шерерге «Қостанай облысының Құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі ұсынысты және басқа да мәселелерді қолдады.

Депутаттар барлық ұсынылған жобаларды бірауыздан қолдады.