Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Туристерді тарту қажет

12 августа 2022 14:30 • 800 просмотров

Биыл  Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетіні белгілі. Бұған біздің облыс та қызу дайындық үстінде. Қазір  Жанкелдин ауданында, Ахаң туып-өскен ауылда ауқымды шаруа қолға алынған.

«Той тек  киіз үй тігіп, ат жарыстырып, спорт жараыстарын өткізумен шектелмейді.  Біздің ең басты міндетіміз, өңірді әрі қарай қалай дамытамыз? Соны бүгіннен бастап қолға алуымыз керек.  Торғай өңірі үшін бірнеше бағытты белгілеп алдық. Мәселен, өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін бүгінде инвестициялық  карта әзірлеп жатырмыз. Бұл инвесторлар үшін өте қолайлы болмақ. Әзірге өңірге инвесторлар біртіндеп келіп жатыр.  Мәселен, Арқалықта «Ұрпақ-агро» ЖШС онда мал шаруашылығымен айналысады (Қарабалық ауданындағы «Тэрра» ЖШС тәрізді ірі инвестициялық  компания).  Біз оларды қолдап отырмыз.   Сондай-ақ, Жанкелдин ауданына түркістандық ірі компания келуге пейілді. Яғни, ауданның  бірнеше селолық округінде мал шаруашылығын дамытпақ. Әрине, жергілікті фермерлер де қолынан келгенше тырысып жатыр.  Бірақ, ірі мал шаруашылық кешендері жаңа технологиямен жұмыс істейді. Олар Абердин – ангуст, Герефорд тәрізді асылтұқымды қара мал өсіреді. Бұл жергілікті шаруалар үшін үлкен тәжірибе болмақ.  Қарапайым шаруа баққан азаматтар оларға теңелуге тырасады. Сондықтан, өңірде мал шаруашылығы қарқынды дамиды ғой деп ойлаймын»,- деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.  

Торғай өңірі үшін ең тиімді бағыттардың бірі – туризм саласы. Мұнда туризм кластерін құруға мүмкіндік зор.  Облыс әкімінің айтуынша, әуелі Арқалықтағы әуежайды қалпына келтірілмек. Ондағы ұшу алаңы да жарамсыз… Қалада туристерге көрсететін бірнеше нысан бар. М

әселен, дала өлкесі музейіне  былтыр 200 млн теңгеге жуық қаржы бөлініп, күрделі жөндеуден өткізілді. Ондағы тозығы жеткен жәдігерлердің қалпына келтіріп жатыр. Жасөспірімдер театры, «Горняк» мәдениет сарайына да  күрделі жөндеу жүргізіледі. Мұның сыртында бірнеше кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Жол бойындағы Кейкі батыр кесенесі екі жылдан беру келушілерден арылып көрген емес. Әрлі-берлі өткендер кесенеге ат басын тіреп, тәу етеді. Аманкелді селосында  заманауи үлгідегі туристік хаб салынып жатыр. 

«Бұл жерде облыстың Құрметті азаматы, меценат Сапар Ысқақовқа алғыс айтуымыз керек. Ол кісі өз қалтасынан 2,5 млрд теңге қаржы шығарып, үлкен шаруаны қолға алды. Біз тек   құрылыс нысанына инженерлік-коммуникациялық желі тартып бердік. Сосын жолын асфальттауға 45 млн теңге қаржы бөлдік. Онда салынып жатқан он екі нысанның бесеуін 4-ші қыркүйек күні салтанатты түрлде ашып, ел игілігіне береміз. Бұл  да туристерге ұялмай көрсететін кешен болмақ. Білуімше, елде мұндай кешендер саусақпен санарлық, тіпті, жоқ десе де болады. Торғай геоглифтеріне апарар жол  саламыз. Ал Жанкелдин ауданында Ахаң-Жақаң мұражайы толық жаңартылып жатыр. Музей алдындағы қос арыстың бұрынғы бетоннан құйылған есткерткішінің орнына қоладан жасалған еңселі ескерткіші бой көтереді. Сосын отыз жылдан бері жөндеу көрмеген Шақшақ Жәнібек музейі жаңартылмақ. Ахаң тойы қарсаңында Шұбалаң-Қарасу бағытындағы күре жолдың 44 шақырымына асфальт төселеді. Алдағы екі жылда қалған 60 шақырымы жөнделмек. Ыстық су басында туристерге қолайлы жағдай жасалады. Ахмет Байтұрсынұлының туған жеріндегі музей-үйі қаййта салынып жатыр. Онда Ахмет атамыздың ата-анасы, туыстары, балалық шағы, мектепте оқыған кезеңдерін бейнелейтін жәдігерлер қойылады»,-дейді облыс басшысы. 

Сондай-ақ, Ахмет ауылы мен Ақкөлде медициналық пункт, клуб үйлері қалпына келтіріліп,  елдімекендер кең жолақты интернет желісіне қосылады. Жалпы, биыл Жанкелдин, Аманкелді аудандарындағы жиырма шақты ауылды 3G – ге қосу жоспарланған.  Айтпақшы, 4-қыркүйекте Торғайда жастар форумы өтеді. Сол алқалы жиын үстінде Торғайдан түлеп ұшқан түлектерді қолдауға бағытталған 15 грант тапсырылады. Бұл қаржы аз қамтылған отбасылардан шыққан азаматтарға берілмек.