Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қызбелдегі толайым істер

15 августа 2022 11:00 • 1 671 просмотров

Қызбелге қызыға қарау заңдылық. Себебі онда бәрі бар. Табиғаты көркем, жері шұрайлы. Өрісі төрт түлікке толы. Іргесінен береке мен ынтымақ арылмаған іргелі ауыл. Еңкейген қариясынан, жалындаған жастарына дейін еңбек сүйгіш.

Бүгінде халық саны азайғанмен толайым істері жыл санап жалғасып келеді. Ауыл тумаларының бәсекелестікке қабілетті дарыны бар. Кешегі ата – бабаларынан қалған бойында намыстың сарыны бар. Алғашқылардың бірі болып мешіт салған ауылдардың бірі осы Қызбел елі. Егін шаруашылығын ебін тапқан еңбекқор ел. Былтырғы жылы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 20 метрлік «Ту» тұғырын орнатқан осы ел. Ел перзенттерінің демеушілігімен «Тәуелсіздік» саябағын ашқан да осы ел. Әмбебеп спорт алаңын салған да осы ел. Ауылға сән беріп тұрған «Балалар» ойын алаңы да бар. Осының барлығы бірліктің, ауызбіршіліктің, елдіктің нышаны.

Елге пайдасы тиетін игілікті дәстүрдің жалғасы ретінде ауыл перзенттері күні кеше ауыл орталығынан сыйымдылығы 200 адамдық болатын «QYZBEL» тойханасын салып берді. Оның ашылу салтанаты Ақсуат мектебінің 100 жылдық мерейтойымен тұспа – тұс келді. Дәл осы күні ұлағатты ұстаз Садуақас Қосекейұлының есімі ерекше ұлықталды. Алыс – жақыннан ел тумалары мен мәртебелі меймандар келді. Ауыл орталығындағы дала сахнасында мерекелік іс – шара жалғасты.

Аудан әкімі Шота Оспанов құттықтау сөз сөйледі. Ғасырлық тарихы бар мектептің жас ұрпаққа берері мен тағылымы зор екендігін сөзіне арқау етті. «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «туған жерге тағзым жобасынының жүзеге асуына ат салысқан ауыл азаматтарына аудан жұртшылығының атынан ризашылығын білдіріп, тойхананың бой көтеруіне қолдау көрсеткен атымтай – жомарт ел перзенттері Елжан Қонарұлна, Асқар Байғұлұлына, Мұхарбек Мұсағалиұлына, Қайыржан Қонарұлына, Әбутәліп Әмірге аудан әкімінің грамоталарын тапсырды. Саға ауылының тумасы экономика ғылым докторы Сәбит Байзақов, Түкістан облысының тұрғыны, Қызбел ауылының тумасы Сәрінжіп Дайыров мектептің 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, өткен шақтан естеліктер айтты. Ұлағатты ұстаздарын еске алып, қайта оралмас балалық шаққа шолу жасады. А

лаштың аяулы ақыны, айтыстың ақтаңгері Айбек Қалиев ыстық лебізін жырмен өрді. Бұл күн үш мерекенің тоғысқан сәті еді. Тойхананың ашылуы, мектептің 100 жылдығы және Әбутәліп Әмір құрастырған «Қызбел мектебіне 100 жыл», академик Сәбит Байзақовтың «Өнегелі өмір», Садуақас ұстаздың немересі Данияр Садуақастың «Сәулелі ғұмыр» кітабының тұсаукесері болды. Сонымен қатар, ғасыр тұлғасы, ұлағатты ұстаз Садуақас Қосекейұлының құрметіне арналған ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты өтті. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетов, аудандық мәслихаттың хатшысы Серік Нұрғазин құттықтау сөз сөйлеп, аул тұрғыдарына алғыстарн жеткізді.

Бұдан кейін «Мадияр баба» мешітінің алдында жалпы аруақтарға құран бағышталды. «QYZBEL» тойханасының лентасы салтанатты түрде қиылды. Ауыл клубында өткен ғылыми және еркін тақырыптағы конференцияда академик, экономика ғылым докторы Сәбит Байзақұлы, Қазақстан Журналистика академиясының академигі, бірнеше кітаптың авторы, қарымды қаламгер Қайсар Әлім, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Батырбек Ахметов және педогогика саласының мамандары жүйелі ойларын саралап, тағылымды әңгімелерін орта көпшілікпен бөлісті. Қызбел ауылдық округінің әкімі Қайсар Нұрғазин ауылда атқарылған ауқымды жұмыстарды маржандай тізіп, барлық ауыл тұрғындарына шексіз алғысын айтты.

Аталған тойханада ас беріліп, құран оқылды. С.Қосекейұлының ұрпақтары қазақы киіз үйде қонақасын беріп, елдің ақ батасын алды. Барлық меймандар мекте ішіндегі М.Дулатовтың мұражайын тамашалады. Әр салмақ дәрежесінде қазақ күресінен жасөспірімдер боз кілемде белдесті. «Түйе палуан» және волейболдан байрақты бәсе болып, топтан суырылып шыққан мықтылар жеңімпаз атанды. Орталық алаңда ауыл өнерпаздары мерекелік концерт ұйымдастырды. Спорттық жарыстардан жүлдегер атанғандар қомақты ақшалай сыйлықтармен және ауыл әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Мерекелік от шашудан кейін жастардың би кешіне ұласты.

Туған жер перзенттерінің әрбір ісі құптарлық. Алдағы жылы «Намазхана» мен «Балабақша» салу жоспары бар. Мал шаруашылығы өркендеген елдің ереңі жарқын. Әр ауылдың тумалары туған жердің өркендеуіне үлес қосып, «Жұдырықтай жұмылса» алынбайтын қамал, бағынбайтын белес болмайды. Ең бастысы бірлік керек.