Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қала тынысымен танысты

18 августа 2022 16:20 • 485 просмотров

Архимед Мұхамбетов жұмыс сапары аясында Қостанай қаласының нысандарын аралады. Аралау барысында облыс әкімі «Баян-Сұлу» АҚ өндірістік алаңында болды.

Кондитерлік фабриканың өндірістік қуаты жылына 84,5 мың тоннаны құрайды. Осы жылдың 7 айында өндірілген өнім көлемі 23,0 мың тонна.

Басқарма төрағасы Тимур Садықовтың айтуынша, биыл 45,0 мың тоннадан астам өнім шығару жоспарланған.

— Біздің өнімнің 40 пайызы Ресей, Германия, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь, Грузия, Украина, Түрікменстан, Әзірбайжан, Қытай сияқты елдерге экспортталады. Бүгінгі таңда фабрикада 1 378 адам жұмыс істейді, – деп толықтырды Тимур Садықов.

Содан кейін аймақ басшысы «Береке» шағын ауданындағы үйлердің құрылыс барысын тексерді. Бұл ауданда барлығы 406,7 мың ш. м. тұрғын үй немесе 6 571 пәтер салу көзделген. Бүгінгі күні жалпы ауданы 148,8 мың шаршы метр 13 тұрғын үй немесе 1 700 пәтер салынды.

Сапар қорытындысы бойынша Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласының әкімі мен облыстық басқарма басшыларына кәсіпорынның одан әрі дамуын бақылауға алып, салынып жатқан үйлердің сапасын бақылауды тапсырды.