Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Алдағы егін жинау науқанына дайындық

18 августа 2022 14:15 • 540 просмотров

Қостанай облысында алдағы егін жинау науқанына дайындық пысықталды. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов биылғы егін жинау жұмыстарын жүргізу мәселелері бойынша агрожиналыс өткізді. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл облыс бойынша жаздық дақылдар 4 млн 853 мың га, оның ішінде дәнді дақылдар – 3 млн 957 мың га жетіп отыр.

«Нарықтағы сұраныстың артуын ескере отырып, биыл ауыл шаруашылығы құрылымдары майлы дақылдарды егу алаңын айтарлықтай ұлғайтты-748 мың га егілді, бұл өткен жылдың деңгейінен 141 мың га артық. Биылғы жылғы жем-шөп дақылдары 134,7 мың га алып жатыр, өткен жылдардағы көпжылдық шөптерді есепке алғанда барлығы 509,8 мың га», – деп хабарлады Қостанай облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Тимур Бисимбаев.

Биыл өңірде егін егілгеннен кейін мамыр-маусым айларында жауын-шашынның жоғары деңгейде болды. Мамыр айында өткен жылғы жауын-шашыннан 3,6 есе көп түсті. Маусым айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 есе артық. Бірақ шілдеде, керісінше, өткен жылдың осы айымен салыстырғанда төмен.

«Бүгінде дәнді дақылдардың 60% – ы немесе 2,4 млн га-ы жақсы жағдайда, 40% – ы немесе 1,6 млн га-ы майлы дақылдар бойынша-60% – ы жақсы жағдайда, 40% – ы қанағаттанарлық жағдайда. Алдын ала дәнді дақылдардың өнімділігі гектарынан 11 ц – дан, майлы дақылдардың өнімділігі гектарынан 6 ц – тан асады деп жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті Т. Бисимбаев.

Жалпы, биыл АӨК дамытуға өңірге 44,8 млрд теңге субсидия мен бюджеттік несие, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 32,4 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ, «азық-түлік корпорациясы» АҚ арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша 31,1 млрд теңге сомасына АӨК субъектілерінің 182 өтінімі қаржыландырылды. 494 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін тапсыру жоспарда бар.

Биыл Қостанай облысындағы ауыл шаруашылығы техникасы паркі 3,4% – ға жаңартылмақ. Қазір облыстағы машина-трактор паркі егін жинау науқанына толықтай дайын. Бүгінгі таңда облыста 22,6 мың трактор, 9 мың астық жинайтын комбайн, 3,1 мың дестелегіш, 8,1 мың жүк автомобильдері және басқа да ауыл шаруашылығы техникасы бар.

«Ағымдағы жылы облыс шаруашылықтары 150 трактор, 50-ден астам комбайн және 400-ден астам басқа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. 2022 жылы жаңарту деңгейін 3,4% – ға жеткізу жоспарлануда. Облыстың машина-трактор паркінің ағымдағы жылдың күзгі-далалық жұмыстарына дайындығы 98% – ды құрайды», – деп хабарлады облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Тимур Бисимбаев астық жинау науқаны мәселелері жөніндегі кеңес барысында.

Сондай-ақ, облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 77 мың тонна дизель отыны бөлінді. Ведомствода айтып өткендей, дизель отынының бағасы литріне 218 теңгеден аспайды. Қазір операторлар МӨЗ-ден дизель отынының көлемін жеткізу бойынша жұмыс жүргізуде.

— Биыл ауа райы қолайлы. Бұл дақылдардың жағдайына оң әсер етті, бірақ көп нәрсе егін жинау кезеңіндегі ауа-райына байланысты болады. Сондай-ақ, биыл ауа-райы шөптердің өсуіне, шөп шабуға да қолайлы болды. Жемшөптің барлық түрін жинауды қамтамасыз ету қажет. Бұл үшін барлық жағдай жасалған.

Біздің алдымызда екі маңызды міндет тұр, ол – жемшөп дайындау, егін жинау науқанын уақтылы, шығынсыз жүргізу, – деп қорытындылады Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.

Бетті дайындаған Маржан Алпыс, суреттерді түсірген автор