Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Мақсат – ауылды ауызсумен қамту

19 августа 2022 11:15 • 576 просмотров

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов облыс әкімдігінің отырысын өткізді. Онда биылғы жылдың 7 айындағы ауылды сумен қамтамасыз ету және жол-құрылыс жұмыстары саласын­дағы атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылды.

Ауылдарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ауылдық сумен жабдықтау жобаларын іске асыруға жыл сайын едәуір бюджет қаражаты бөлінеді. Бұл ретте, бюджет қаражатының сомасы жыл сайын ұлғаюда.

— Ағымдағы жылы 51,5% өсіммен 14 421,3 млн.теңге бөлінді. Биылғы жылы ауылдық сумен жабдықтаудың 39 жобасын іске асыру жоспарланған, оның ішінде: 22 – жаңа, 17 – өтпелі. 2022 жылдың қорытындысы бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік ауылдар бойынша – 59%-дан 76% – ға дейін, ауыл халқы бойынша 74,9% – дан 87,2% – ға дейін артады, – деп атап өтті энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Дәурен Асқаров.

Бұдан кейін жол-құрылыс жұмыстарының нәтижелері қаралды. Автожол саласының бюджеті ағымдағы жылы барлық бағдарламалар бойынша 23,2 млрд.теңгені құрайды, жергілікті маңызы бар 336 шақырым автожолды және елді мекендер көшелерінің 232 учаскесін жөндеу жоспарлануда.

Осы жылдың қорытындысы бойынша бөлінген қаражатты ескере отырып, «жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі» 83% құрайды.

Кеңес соңында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қалалар мен аудандар әкімдеріне ауылдық сумен жабдықтау жобалары бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалу барысын және автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарының сапалы орындалуын бақылауды тапсырды.

Бұдан басқа, «Қарталы – Рудный – Қостанай» газ құбырының жөндеу жұмыстары аяқталуда, жақын арада облыс кәсіпорындары табиғи газға қосылатын болады.

Бетті дайындаған Маржан Алпыс, суреттерді түсірген автор