Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Өңір басшысы ет өңдеу кешенінде болды

20 августа 2022 10:00 • 554 просмотров

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласындағы «BEEF EXPORT GROUP» ЖШС ет өңдеу кешеніне барды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы – тәулігіне 1500 бас ІҚМ мен 2400 бас ҰММ басын қамтиды. Сондай-ақ, 200 жаңа жұмыс орнын ұсынып отыр. сы ет өңдеу кешенінде ІҚМ және ҰМ еті, мұздатылған және тоңазытылған күйінде сатылады, сондай-ақ дайын жартылай фабрикаттар өндіріледі.

Бүгінгі таңда кәсіпорын өндірістік қуаттылықтың 30%-ға шықты және шығарылатын өнім көлемі 600 тоннадан астам сиыр етін құрайды, жыл соңына дейін тағы 5000 тонна дайын өнімді қайта өңдеу және шығару жоспарлануда.

Шығарылатын өнімнің жартысын Орта Азия елдеріне экспортқа жіберсе, екінші жартысы ішкі нарықта сатуға кетеді.

–2022 жылдың маусымында Түркі форумы өткеннен кейін кәсіпорын Өзбекстан Республикасындағы бірыңғай жеткізушілер тізіліміне енгізілді, сондай-ақ «PREMIUM BEEF WELL» ЖШҚ, «BEEF NEW TRADE» ЖШҚ сияқты компаниялармен сиыр еті түрінде 30 000 тонна дайын өнімді жеткізуге шарт жасалды», – деп атап өтті директор «BEEF EXPORT GROUP» ЖШС ет өңдеу кешені Александр Пархоменко.

Жалпы, жоба облыста ет импортын азайтуға, сондай-ақ жергілікті шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жандандыруға бағытталған.

Жобаны іске асыру үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында қаражат тартылды.