Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Өндіріс ошақтарын аралады

Архимед Мұхамбетов «Kamlit KZ» ЖШС құрылыс алаңына және «АгромашХолдингKZ» АҚ оқшаулау орталығына барды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Индустриялық аймақ аумағында шойын құю зауытының, сондай-ақ жүк техникасына арналған жетекші көпірлердің басты берілістерін өндіретін зауыттың құрылысы жүріп жатыры. Сондай-ақ, жүк автомобильдерінің жетекші көпірінің арқалығын өндіруді тереңдетуге бағытталған үшінші жобаны қолға алмақ.

Құрылыс жұмыстары белсенді жүріп жатыр, бірінші зауытты 2023 жылы, екіншісін 2024 жылы, ал үшінші зауытты 2025 жылы іске қосу жоспарланып отыр.

Бұдан кейін аймақ басшысы «АгромашХолдингKZ» АҚ оқшаулау орталығында болды. Зауыттың ауданы 36 мың шаршы метрді құрайды. Мұнда металды лазерлік кесу, ию, бояу және дәнекерлеу, пластикалық бұйымдар, интерьер бөлшектері өндірісі, термошумоқшаулау, конвейерлік құрастыруға арналған автоматтандырылған желілер орнатылған. Аталған орталықтың өндірістік қуаты, комбайндар-700 бірлік, тракторлар – 1000 бірлік, СЗУ сепкіші – 300 бірлік, платформа-іріктеуші – 200 бірлік.

Сапар қорытындысы бойынша Архимед Мухамбетов Қостанай қаласының әкімі мен облыстық басқармалар басшыларына барлық инвестициялық жобаларды бақылауда ұстауды тапсырды.

Бетті дайындаған Маржан Алпыс, суреттерді түсірген автор