Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Кедергілер жоқ емес

17 сентября 2022 10:00 • 1 266 просмотров

Қостанай облысының Кәсіпкерлер Палатасы дизель отынының тапшылығы мәселесін шешу жолдарын қарастырып жатыр.

Егін жинау науқаны мәресіне жетіп қалды. Алайда қостанайлық ауыл шаруалары, бүкіл Қазақстан бойынша фермерлер сияқты, жеңілдетілген дизель отынының тапшылығын бастан кешуде. Мәселені шешу жолдары Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасында өткен кеңесте талқыланды.

— Қыркүйек айында біз 27 мың тонна жеңілдетілген дизель отынын жеткізуді күтіп отырмыз, – деп хабарлады Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Саят Жүсіпбеков.

— Алайда, қазір ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері үшін әр күн есепте, сондықтан кеңес қорытындысы бойынша құзыретті органдарға мәселені шешуді сұрап хат дайындадық. Операторлар қазірдің өзінде жеңілдетілген дизель отынын жеткізуге шарттар жасасты.

Жағдайға мониторингті Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы, Экономикалық тергеу департаменті, Монополияға қарсы органдар, ауыл шаруашылығы басқармасы, ЖЖМ операторларының өкілдері және өңірлік кеңес мүшелері Александр Бородин мен Эдуард Двуреченский арнайы құрылған жұмыс тобы жүргізеді. Жұмыс тобы диқандармен тұрақты байланыс орнатып, дизель отынының жетіспеушілігіне байланысты әрбір мәселені жіті қарастыруда.