Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ұлы тұлғаға ескерткіш қойылды

Қостанайда Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітап­ханасы ауласында ұлы ағартушы мүсінің ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының қызметкерлері, кітап­хана ұжымы және оқушылар қатысты.

«Ұлы ұстаз, жерлесіміз Ыбырай Алтынсарин ескерткішінің бой көтеруіне бастамашы болған ел ағаларына ерекше алғыс. Әсіресе, Бек Жүсіпов ағамыз Ыбырай мүсінін жасатып, қоятын орнын бізбен ақылдасқан кезде бір ауыздан кітапхана ауласына орнату шешіміне келдік. Бұл жерге балаларымыз, жасөспірімдеріміз келеді. Кітапхананың екі ғимаратының ортасында жүргенде, осы жерде өтетін түрлі іс-шараларда ұстаздың бейнесіне қарап, жандарына жақын тұтып, тағзым жасайтындай мүмкіндік болса деп ойладық. Сондықтан ұстаз рухының алдында үлкен шаруа атқарып жатырмыз деп есептеймін», – деді облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.

Бұдан соң елге белгілі ақын-жазушылар, тарихи тұлғалардың мұрасын зерттеуші ғалымдар Серікбай Оспанов пен Ақылбек Шаяхметов құттықтау сөз сөйлеп, іс-шараның мән-маңызына тоқталды. Ағартушы бюстінің тұсаукесерін өткізу құрметі осы екі қаламгерге ұсынылды. Жиылған жұрт ескерткіш түбіне тағзым гүлдерін қойып, естелік суреттерге түсті.

Бетті дайындаған Маржан Алпыс, суреттерді түсірген автор