Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета, г.Костанай, ул.Тәуелсіздік 83, Офис 623, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қазыналы қарияларға құрмет

Қазыналы қарттарымызды береке мен бірліктің жарасым тапқан көрінісі ретінде білеміз. Езін жөнге, тентегін тезге салатын, көненің салты мен ғұрпын жеткізуші де – асыл қарттарымыз.

Садчиков ауылдық кітапханасының жанынан құрылған «Қазына» клубының ұйымдастыруымен ұлттық құндылықтарымызды көзінің қарашығындай сақтауға дәріптейтін көптеген іс-шаралар өткізілуде.

«Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле»- деген екен дана халқымыз. Сондықтан да сан ғасырлар бойы сұрыпталған ұлттық құндылықтарымызды үйрету арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығын өскелең ұрпақтың бойына сіңіруге міндеттіміз, — дейді қазыналықтар.

Осы тұрғыда Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының: «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын»- деген сөздері ойға келеді.

Жуырда қазыналықтар ауыл Мәдениет үйінде ҚР халықтарының мәдени мұрасы мен халық шығармашылығы және Балалар жылы аясында өткен көркемөнерпаздар фестиваліне қатысып, ұлттық тәрбиеден сыр шертетін көрініс қойып, әділ-қазылар мен көрермендердің көңілінен шықты.

Бүгінде немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқаны өтірік емес, бесік жырын шетелдің у-шу әніне алмастырып алғандар да жоқ емес. Негізі, үлкендердің тәрбиесін көрген бала елден ерек өсіп, орнымен сөйлеп, сөзді тауып, нық айтуды үйреніп, сөз қадірін білер еді.

Ал атаның ақылынан, өнегелі әңгімелерінен тарихтан сыр шерткен сырларынан тойып өскен немере ерте жастан-ақ бабалар жүрген жолды біліп өсер еді.