Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ормнады қалпына келтірмек

6 октября 2022 11:20 • 403 просмотров

Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов жұмыс сапары аясында Әулиекөл ауданына барды. Мұнда аудан аумағындағы орман питомниктерін аралады. Жалпы, облыс аумағында ағымдағы жалпы ауданы 325,7 га болатын 10 питомник бар, оның ішінде 70,6 га өндіруші.

Әрі қарай облыс әкімі облыстың орман шаруашылығы мекемелерінің басшыларымен кездесіп, олармен орман алқабын қалпына келтіру жұмыстарының көлемін анықтау мәселелерін талқылады. Бұл жиналысқа Семиозерный, Басаман орман шаруашылығы мекемелерінің орманшылары тартылды, сондай-ақ облыстың басқа да орманшылары қатысты.

Бұдан басқа, ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті біздің өңірге қолдау көрсетіп, кеспеағаштарды бөлу бойынша көмек көрсету үшін 25 орманшы жіберетін болды. Жалпы, кеспеағаштардың бөлінуіне 106 адамды тарту жоспарлануда. Сондай-ақ, ағаш дайындауға орман шаруашылығы мекемелерінің күштерін тарту жоспарланып отыр, бұл мақсатқа 105 адам жұмылдырылады.

Ағымдағы жылдың 4 қазанынан бастап Семозерный және Басаман орман шаруашылықтарында орман дақылдарының егуге кіріседі. Кеспеағаштарды кесуге бөлу жөніндегі жұмыстардың бірінші көлемін 9 қазанда аяқтау және аралық көлемді комитетке жіберу жоспарлануда. Кейін Комитеттің рұқсатымен 10-16 қазан аралығында орманшылар кеспеағаштарды әзірлеуге кіріседі.

-Биылғы жылы Басаман және Семиозерный орман шаруашылығында көшет отырғызуды жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта орманды қайта жаңғырту жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілетін болады,-деп атап өтті облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Сондай-ақ, өңір басшысы аудандық ауруханадағы инсульт орталығының қайта құру барысын тексерді. Қазіргі уақытта ішкі жұмыстар, аумақты абаттандыру және т. б. жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейін, инсульт орталығының қайта құрылуы Болат Өтемұратов қорының есебінен жүргізілуде. Алдағы уақытта орталыққа көршілес Наурызым және Қарасу аудандарының тұрғындары хабарласа алады.

Сонымен қатар Әулиекөл ауылындағы тұрғын үйлердің құрылыс барысын тексерді. Бүгінгі таңда 65 үйге жылу берілді, қалғандары 5 қазанға дейін жоспарланған. Құрылыс жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде, мерзімінде аяқтау жоспарлануда.