Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Қайырымдылық жасасаң, қайырын көрерсің

7 октября 2022 16:30 • 917 просмотров

Халқымыздың қанына сіңген игі қасиеттеріміз өте көп, соның бірі – қайырымдылық жасау. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын көрерсің» дегендей, қайырлы істің ұршығын иірген жерлесіміз нағыз адамгершіліктің үлгісін көрсете білді. Садчиков ауылдық кітапханасы жанынан құрылған «Қазына» клубының мүшелері өздеріне ұлттық киім алуға көмек берген қайырымды жанға рақмет айтады.

Өмірдің ең қымбат сыйы – адам болып жаралу. Адамды адам ететін оның рухани адамгершілік қасиеті. Осындай керемет адамгершілік қасиеті бар, жүректері тек қана мейірім мен риясыз сүйіспеншілікке толы адамдардың бар екені қуантады. Ең жақсы адам – қоғамға, елге пайдасы тиген адам. Жақсылығыңды жария етпе, жақсылық неғұрлым құпия жасалатын болса, соғұрлым сауабы мол болады. «Жомарт бергенін айтпас, ер айтқанынан қайтпас» деген қазақ мақалына сай біздің демеушіміз де өз атын жария етпеуді өтінген болатын. Қайырымдылық мәнін оны жасаған адам емес, сол қайырымдылықтың игілігін көрген адам түйсінуі керек.

Халқымыз «Кең болсаң – кем болмайсың» деген. Бұл — халқымыздың бойындағы асыл қасиеттерінің бірі болып қалмақ. «Адамдарды қаны ғана емес, жақсы істері де туыстырады» – деген екен. Біздің халқымыз жақсылықты жасай да білген, жақсылық жасаған адамға рақметін айта да білген.

Шағырай шешен өз кезегінде:

Өзін ғана ойлаған,

Жамандықтың белгісі.

Өзгені де ойлаған,

Адамдықтың белгісі.

Үлгілі сөз білмеген,

Надандықтың белгісі.

Бар-жоғына қарамас,

Анық жомарт, ер кісі.

Осы өлең жолдарымен адам санасына жомарттықтың қандай екенін жеткізген.