Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Меңдіқара және Ұзынкөл аудандарында жұмыс сапарымен болды. Сапар барысында өңір басшысы аудан тұрғындарымен кездесті.
Бірінші кезекте ол Меңдіқара ауданы Степанов ауылындағы Степанов жалпы білім беретін мектебінің жөнделуін жұмыстарын көрді. Мұнда 238,3 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, бүгінгі күні жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жалпы, Меңдіқара ауданында «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 736,9 млн.теңгеге 3 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Әрі қарай өңір басшысы Михайлов ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындарды ауданның дамуына қатысты ақпараттармен хабардар етті. Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті.
Мұнда ауыл шаруашылығы саласында жалпы сомасы 265,0 млн. теңгеге 4 инвестициялық жоба іске асырылды. Ағымдағы жылы жергілікті маңызы бар жолдар мен елді мекендердің көшелерін жөндеуге және күтіп ұстауға 626,0 млн.теңге қарастырылған.
Сондай-ақ, ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда, ағымдағы жылы жалпы сомасы 3,3 млрд.теңгеге 3 ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі жобаны іске асыру басталды.
Кейін мәдениет үйін күрделі жөндеу барысын тексерді. Ағымдағы жылы «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 160,1 млн. теңге сомасына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыс сапарының жалғасында облыс әкімі Ұзынкөл ауданына барды. Мұнда Обаған ауылының тұрғындарымен кездесті. Ауыл тұрғындары жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, кітапханадағы және басқа да әлеуметтік нысандардағы жиһаздарды жаңарту сияқты және т. б. мәселелерге тоқталды.
Қазіргі уақытта ауданды дамыту бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Бірінші кезекте-бұл тұрғын үйдің қолжетімділігі, сумен қамтамасыз ету және сапалы инфрақұрылымды дамыту. Ағымдағы жылы инфрақұрылымды дамыту шеңберінде жергілікті маңызы бар жолдар мен елді мекендердің көшелерін жөндеуге және күтіп ұстауға 354,5 млн.теңге бөлінді.
Сондай-ақ жыл сайын аудан мектептеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ағымдағы жылы осы мақсаттарға 517,8 млн.теңге бөлінді. Сонымен қатар, жаңа спорт алаңдарын орнатуға және спорт ғимараттарының нысандарын жөндеуге 53,4 млн. теңге бөлінді.
Биыл Ренов ауылында жалпы сомасы 275,1 млн. теңгеге мәдениет үйін салу және абаттандыру және сыртқы инженерлік желілер мен блоктық-модульдік қазандық салу жобасы іске асырылуда.
Бұдан әрі облыс әкімі өткен жылы «Мирас» ШҚ өз қаражаты есебінен 15 млн.теңге сомаға салған медициналық пунктке барып көрді. Мұнда барлық қажетті жабдықтар бар. Содан кейін Обаған ауылындағы саябақты абаттандыруды, жолдарды жөндеуді және ұялы байланыс антенналық діңгегін тексерді.
Ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 2,3 км, жалпы құны 104,1 млн.теңге болатын 3 көшеге орташа жөндеу жүргізілді. Саябақты абаттандыруға 12,5 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар, ұялы байланыс сапасын 4G-ге дейін жақсартуға мүмкіндік беретін LTE (4G) стандартының қос жолақты базалық станциясын орнату жоспарлануда.
Кейін Обаған ауылындағы ауыз су тарату пунктін қарап шықты. Ағымдағы жылдың мамыр айында ауыз су тарату пункті пайдалануға берілді, резервуардың көлемі 6000 л. Жалпы, Ұзынкөл ауданында 28,6 млн. теңге сомасына 9 ауыз су тарату пункті орнатылған.