Еженедельная региональная аграрная общественно-политическая газета,
г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, д. 83, офис 620, 54-08-30, 91-78-51 kostanay-agro@mail.ru

Мы в соцсетях

Ауыр техника – тұрғындар назарына

27 октября 2022 16:27 • 426 просмотров

Қостанай облысының машина жасаушылары Республика күніне орай, жеңіл автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесін өткізді. Аталмыш көрме Қостанай қаласының орталық алаңында ұйымдастырылды.

Биыл Қазақстанда көптеген жылдар ішінде алғаш рет ұлттық мереке атап өтілуде. Мерекелік іс-шаралар әр өңірде өтеді, Қостанай облысы да ерекшелік емес.

Облыс әкімдігінің алдындағы орталық алаңда «АгромашХолдинг KZ», «Қостанай трактор зауыты» және «Аllur» машина жасау кәсіпорындарының қызметкерлері, Қостанай облысының тұрғындары үшін еліміздегі ең ауқымды флешмобтардың бірін қолдап, бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды.

«Менің Республикам – Қазақстаным». Мен мұны мақтанышпен айта аламын. Республика біз үшін маңызы бар ерекше сөз. Қазақстан – ең алдымен, мүмкіндіктер, бей-жай қарамайтын, ынтымақтың елі. Біздің мемлекетіміз үшін өзгерістер дәуірі келді, осы сәтті пайдалана отырып, әрқайсымыз оның маңыздылығын түсіну керекпіз. Өйткені біздің елімізде нағыз патриоттар тұрады. Біз бұл іс-шарамен қазақстандық патриотизм, толеранттылық, бейбітшілік пен ұлттық келісім туралы тағы да еске салуды шештік. Барша қазақстандықтарды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!», – деп құттықтады «АгромашХолдинг KZ» президенті Динара Шүкіжанова.

«Менің Қазақстаным» патриоттық акциясы аясында машина жасаушылар көрме ұйымдастырды, онда «АгромашХолдинг KZ», «Қостанай трактор зауыты» және «Allur» өз өнімдерін ұсынды: ESSIL комбайндары, LOVOL мен КИРОВЕЦ тракторлары, сонымен қатар Kia, JAC және Chevrolet брендтерінің автомобильдері.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың маусым айында Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында Республика күнін тойлауды жандандыруды ұсынды. Мемлекет Басшысы Республика күні ұлттық мереке ретінде атап өтілуі тиіс екенін атап өтті.